Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында базарға кіріп кеткен бұқа жолындағылардың бәрін қиратты (ВИДЕО)

Алматы облысында базарға кіріп кеткен бұқа жолындағылардың бәрін қиратты (ВИДЕО)

Кей қораптардың үстінен қан көрінеді. Оның нақты бұқаға немесе адамға тиесілі екені белгісіз. Бірақ жарияланымда сондай-ақ бауыздалған жануардың суреті қоса жүктелген.

Алматы облысында ызалы бұқа базардың тас-талқанын шығарды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz. 
Оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда оқиға автомобиль нарығында болғаны көрінеді, себебі барлық жерде көлік бөлшектері, жанар-жағармай материалдары бар контейнерлер шашылып жатыр. 
Сондай-ақ, видеодан жануардың контейнерді сүзіп, жолындағының барлығын қиратып жатқанын көруге болады. Ал адамдар айқаймен әр жаққа қашып жүр. 
«Бәрін қиратты. Бәріне тиді», - дейді видео авторы. 
Кей қораптардың үстінен қан көрінеді. Оның нақты бұқаға немесе адамға тиесілі екені белгісіз. Бірақ жарияланымда сондай-ақ бауыздалған жануардың суреті қоса жүктелген. 
«Гүлдала ауылындағы автокөлік базарының аумағына ызалы бұқа жүгіріп келді. Тұрғындар бірнеше контейнерлерді қиратқан жануардың көзін жойды. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ», - делінген сурет сипаттамасында.

https://www.instagram.com/almaty_dtp_rezerv/?utm_source=ig_embed​​​

05 тамыз 2019 ж. 3 037 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 42

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930