Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Санта Клаустың тарихы

Санта Клаустың тарихы

Жаңа жылды Аяз ата мен Ақшақарсыз елестету мүмкін емес. Батыстан бастау алған Санта Клаустың пайда болу тарихы кім-кімді де қызықтыратыны анық. Алыстан асыға жетіп, жаңа жылда жан біткеннің бәріне сыйлық тарататын «қаһарман» ойдан шығарылған ба? Әлде шын өмірде болған адам ба?

Санта Клаус шын мәнінде өмір сүрген адам. Алайда ол бізге елестейтін ақсақалды атаға мүлде ұқсамаған. Қазіргі Түркия шекарасында біздің дәуірімізге дейінгі 253 жылы дүниеге келген. Оның шын есімі қасиетті Николай болыпты-мыс. Ол айналасындағыларға барын беруге дайын, жақсылық жасауды мұрат еткен қарапайым дін қызметкері болып өмір сүрген.

Кедейліктің тауқыметін көп көре тұра ол өз қаласындағы барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетуге асығып тұратын адам екен. Түн қарасы ауғанда кедей-кепшіктің үйіне білдірмей барып, табалдырықта жатқан кебістерінің ішіне тиын тастап, ашық терезеге тәтті нан қойып кетуді әдетке айналдырыпты. Осы үшін де оны бүлдіршіндер қатты жақсы көрген. Қала тұрғындары, теңізші, көпестер де қатты қадір тұтып, жақсы көрген.

Қасиетті Николайдың жаңа жылдың символына айналуы кейін орын алды. Николай күні негізі 6 желтоқсан күні аталып өтеді. XX ғасырда немістің Кельн қаласындағы соборда діни мектептің шәкірттері үшін сыйлық таратыла бастайды. Бұл үрдіс басқа шаһарларда да қолдау тауып, кең таралады. Аңызға сенген халық мейрам күндері есік жақтауына шұлық пен кебіс іліп қоятын болған. Олар қасиетті Николай осы заттарға өзінің сыйлығын салып кетеді деп сенген. Балалар сыйлықты асыға күтіп, жаңа жыл қарсаңында тәртіпті болып, ата-анасының айтқанын екі етпейді.

Қасиетті Николайдың Сантаға айналуы теңіздің арғы бетіндегі Америкада орын алған. 1626 жылы құрлықтың жағалауына Голландия кемелерінің фрегетасы келіп тоқтайды. «Goede Vrove” атанған басты кемеде теңізшілердің қасиетті адамы Николайдың мүсіні болған.
24 долларға жергілікті үндістерден сатып алынған жерге теңізшілер “Жаңа Амстердам” деген ат береді. Қазіргі Нью-Йорк қаласының іргетасы осылай қаланды. Қасиетті Николай қаланы қорғап тұру үшін жиһанкездер оның мүсінін кемеден шешіп алып, қала орталығына орнатады.

Жаңа тұрғындар мен үндістер қазіргідей ағылшын тілінде емес, әркім өз тілінде түсіністі. Қасиетті Николайға тілі келмеген үндістер басында “Санта Клас”, содан кейін барып бізге үйреншікті Санта Клаус деп атап кеткен.

Мұнымен Сантаның тарихы бітпейді. 1822 жылы Рождество қарсаңында Клемент Кларк Мурдың “Қасиетті Николайдың келуі” атты поэмасы жарық көреді. Осылайша кітап кейіпкеріне айналады. Кітапта кішкентай бүлдіршін мен Сантаның кездесуі баяндалып, Санта жүзінен күлкі арылмайтын көңілді шал ретінде суреттеледі. Біз көріп үйренген Сантаның тарихы осылай басталды. 1823 жылы Сантаның 8 бұғысы кітапқа енеді. Олар Бликсем, Дандер, Кюпид, Комет, Виксен, Прэнсер, Дэнсер, Дэшер еді. 1939 жылы тоғызыншы бұғы Рудольф қосылды.

Иллюстратор Томас Наст 1860-1880 жылдары Сантаның бейнесін жасап шықты. “Harpers” журналында жарыққа шыққан туынды да Сантаның тәртіпті және тентек балалар тізімі, солтүстік полюс сынды айнымас атрибуттары қалыптасты.
1931 жылы Coca Cola бренді Санта Клаус­ты басты адам қылған жарнама шығарды. Хаддон Сандблом атты суреткер қолына кола ұстаған қызыл шапан киген, ақсақалды шалды салып шықты.

Қазір Санта Клаус Лапландияда өмір сүреді. 1984 жылы жарияланған БҰҰ-ның бұйрығымен Лапландия Сантаның жері болып бекітілді. Мұнда оның эльфтар және ергежейлілермен жыл бойына бірге өмір сүретін резиденциясы орналасқан. Әлемнің әр бұрышынан бүлдіршіндер осы жерге хат жолдайды. Santamail.com сайты арнайы сол үшін жұмыс істейді.

Дайындаған
Жасын СҮГІРӘЛІ

04 қаңтар 2020 ж. 2 087 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 64

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930