Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилияда 118 жастағы ер адам табылды

Бразилияда 118 жастағы ер адам табылды

Бразилияның Баия штатындағы Итажуипи қаласында 1900 жылы дүниеге келген болуы мүмкін ер адам табылды. Егер оның жасын ресми түрде дәлелдеу мүмкін болса, ол әлемдегі ең қарт адам болып тіркеледі, - деп хабарлайды Daily Mail.

Жозе Феррейра дос Сантостың (Jose Ferreira dos Santos) туу туралы куәлігіне сәйкес, ол 1900 жылы 9 қарашада Барракан ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта бұл елді мекеннің орнында Риу-Реал қаласы орналасқан. Осылайша ол әлемдегі ең қарт адам болып тіркелген жапониялық 115 жастағы Канэ Танакидан үш жас үлкен болып шығады.

1940 жылы ол 20 жастағы Линдауре Роше де Жезуспен (Lindaura Rocha de Jesus) үйленген. Қыз бала ата-анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шыққан. "Анам маған қатты ашулы еді", - дейді Сантостың жары 89 жастағы Линдаура.

Ұзақ өмір сүрген адамның оқиғасын блогер кездейсоқ біліп қалған. Қазіргі уақытта ол қажетті құжаттарды рәсімдеп, Гиннестер рекордтар кітабына енгізілуін талап етпекші.

2013 жылы жапониялық 116 жастағы Дзироэмона Кимураның қайтыс болғаны хабарланды. Ол 1897 жылы дүниеге келген. Ол қай заманда болса да Жер бетінде өмір сүрген ең қарт адам ретінде Гиннестер рекордына енген.
30 қараша 2018 ж. 1 637 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031