Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық жас жұбайлар мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Қазалылық жас жұбайлар мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Соңғы уақытта жастар мұқтаж жандарға жақсылық жасауды әдетке айналдырған. Мұны біз бұқаралық ақпарат құралдарынан да, теледидар мен әлеуметтік желіден жиі-жиі көріп қаламыз. Жақсылық жасауды сәнге айналдырған олар бірде балалар үйінде той жасаса, ал енді тағы біреулері мүлдем танымайтын, бірақ көмекке мұқтаж адамдарға қарайласып жүр.
Әсілінде, қайырымдылық жасау үшін бай болу міндетті емес, жүректе мейірім болса жетіп жатыр. Қарсы алдынан мұқтаж жан шықса, шын мейірімді жан қалтасындағы соңғы тиынын беріп кете салады. Тіпті үстіндегі киімін шешіп беруі де ғажап емес. Және олар «мен бердім» деп айтпайды да көбіне. Үндемей жүріп істейді, көпшілік тек нәтижесін көреді.
Жақында үйленіп, үй болуға талап қылған қазалылық Әділбек Тілеубергенов пен Сәбира Нұрғабыл да отбасылық өмірдің алғашқы күнінде жақсылық жасауды жөн деп тапқан. Әйтеке би кентіндегі "Жанқожа батыр" мешітінде ақ некелерін қидырған қос жұп салтанатты рәсімнен соң үш отбасыға азық-түлікке толы пакеттерді өз қолдарымен тапсырды. Сол сәттегі кішкентай балақайлардың жүзіндегі қуаныш пен шаттықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Жастардың некесін қиған "Жанқожа батыр" мешітінің найб имамы Бақтияр Саламатов да имандылық шарасына дән риза. "Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет елімізде "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған болатын. Ондағы мақсат – жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, шаңырақтың ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан жас жұбайлар Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмегін көрсетті. Әрине бұл көпке үлгі боларлық. Себебі, бүгінгі таңда жастардың үйлену тойында қымбат автокөліктермен ауданның көрікті жерлеріне серуенге шығып, қыруар қаржыны тектен-текке құртатыны жасырын емес. Ал, Әділбек бауырымыз бұл үрдісті үзіп, өнегелі іс жасады", – дейді ағынан жарылып.
Ал жас жұбайлар "Бұл шешімді екеуіміз бірге қабылдадық. Неке қиылған күні игі іс жасау идеясы аяқ асты туындады. Болашаққа жоспар құрмас бұрын алғашқы қадамымызды тұрмысы төмен отбасыларға жақсылық жасаудан бастағымыз келді. Бұл отбасылық өмір үшін керемет бастау деп ойлаймыз", – дейді.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
05 қазан 2018 ж. 3 623 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930