Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Қызылордалық зілтемірші Рахат Бекболат Лас-Вегаста жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Əлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

 «Спортшыларымыз екі алтын медальмен жарыс күнін аяқтады. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ольга Пастухова қоссайыс бойынша 215 келі салмақты бағындырып (92 келі жұлқи көтеруде жəне 123 келі серпе көтеруде) алтын медаль иеленді. Сонымен бірге, қазақстандық ауыр атлеттердің өнерін Рахат Бекболат керемет аяқтады. 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол қоссайыста 323 келі салмақты көтеріп (144 келі жұлқи көтеруде және 179 келі серпе көтеруде) бірінші орынға ие болды», - делінген Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарламасында.

АҚШ-тың Лас-Вегас штатында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғады. Ел қоржынына алғашқы медальды 16 жастағы спортшы Сайрамкез Ақмолда салды. Одан соң Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайыстың екінші күні 67 келіге дейінгі Сайхан Тайсуев қоссайыста 288 келі көтерген болатын.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медальді Сыр өңірінің тумасы Есенгелді Сәпи салған болатын.

14 наурыз 2019 ж. 1 304 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930