Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан өткізілген аудан біріншілігі өз мәресіне жетті

Футболдан өткізілген аудан біріншілігі өз мәресіне жетті

Əйтеке би кентіндегі "Жалаңтөс батыр" атындағы орталық стадионда футболдан өткізілген аудан біріншілігі өз мәресіне жетті. Биыл төрт айға созылған аудан біріншілігіне тоғыз команда қатысты.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев пен Қазалы аудандық футбол федерациясының президенті Ф.Қожабергенов біріншіліктің төрешілері мен үздіктерін марапаттады.
Үздік деп танылған ойыншыларға арнайы естеліктер мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Жарысқа ауданымызға белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Нұртай Аманов демеушілік жасады.
Аталмыш біріншілікте жүлделі ІІІ орын алған «Достық» командасына «РЗА-агро» ЖШС директоры Н.Имандосовтың 150 мың теңге қаржылай сыйлығы тапсырылды. Мұнымен қоса, ІІ орынға тұрақтаған «Энергомера» командасы «Энергомера» ЖШС директоры Б.Мұқашовтың 150 мың теңге қаржылай сыйлығымен марапатталды. Ал, қарсаластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрініп, аудан біріншілігінде І орынды жеңіп алған «Намыс» командасына аудандық футбол федерациясының 150 мың теңге қаржылай сыйлығы, диплом және медальдары табыс етілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 613 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031