Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды sn.kz
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Е.Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін М.Костюк есепті қысқартқанымен, қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 122-ракеткасы, мажарстандық Панна Удварди немесе рейтингте 127-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен таласады.
Өткен жылы қазақстандық теннисші АҚШ біріншілігінде алғашқы айналымнан аса алмай қалған еді.
29 тамыз 2023 ж. 665 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 153

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 229

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031