Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бапкер атындағы бәсеке

Бапкер атындағы бәсеке

Біраз жылдар бұрын жаттықтырушылар арасында балаларды дайындауға арналған спорттық құралдар кемшін болғанның өзінде жоқтан бар жасайтындары көп болды. Мұнымен бірге шәкірттермен етене жақын араласып, рухани күш беруді де шебер меңгерген еді. Соның арқасында жас спортшылар додаларда мықтылардың алдына түсіп жүлделі қайтатын. Жақында осы қасиеттерді бойына дарытып, талай чемпиондарды шығарған республикаға белгілі бапкер Серік Сансызбаевты еске алуға арналған кіші футболдан аудандық ашық турнир өтті.
Спорт кешенінде өткен бәсекеге бапкердің әрісі Қызылорда қаласынан, берісі Тереңөзек кенті мен Жалағаш ауданынан шәкірттері қатысты. Одан бөлек аудандағы бірқатар оқушылары өзара бақ сынасты.
Екі күнге созылған турнирге 8 команда қатысты десек, кіл мықтылар шын жүйрікті анықтаған сайыста бірінші орынды жергілікті «Авангард» құрамасы қанжығасына басты. Күміс жүлде облыс орталығынан келген «Dosstar» командасының спортшыларына бұйырса, үшінші орынды Жалағаш жігіттері иеленді. Ал төртінші орынға «Көркем Сервис» құрамасы жайғасты.
Одан бөлек аталған сында «Достық», «Шәкірттер», «Әділхан» және «Тереңөзек» командалары төбе көрсетті. Бәйгенің «Үздік қақпашысы» Жалағаш ауданынан келген Дархан Керібаев, «Үздік қорғаушы» Жарасхан Байниязов, «Үздік сұрмерген» Бақытбек Төлегенов, «Үздік шабуылшы» Қанат Мырзатай және «Үздің ойыншы» бағамы Қызылорда қаласынан келген Нұржан Шәкеновке бұйырды. Ал жарыстың жеңімпаздары арнайы диплом мен кубок, медаль және қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік, осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған бапкер атындағы турнир биыл алғаш рет «35+» форматында өтті.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
06 желтоқсан 2022 ж. 936 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 75

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 62

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 80

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 73

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031