Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжің марафонында қандасымыз топ жарды

Бейжің марафонында қандасымыз топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 қараша күні Бейжіңде өткен марафонда Қытайдың Іле өңірінің тумасы Елеубек Қуанұлы топ жарып, чемпион атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайлық Guangming Daily газетінің сайтына сілтеме жасап.
Биыл осымен 40-рет өткізіліп отырған Бейжің марафоны Қытайда «Ұлттық марафон» ретінде танымал. Пандемияға байланысты тоқтап қалған ауқымды шара биыл қайта жанданды. Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңынан басталып, Олимпияда саябағынан аяқталатын жарыс жолын қандасымыз 2 сағат 14 минут 34 секундта жүгіріп өткен. Бұл Бейжің марафонында қытайлық спортшылардың 20 жылдан кейін алғаш рет жеңіс тұғырына көтерілуі саналады.
Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының чемпионаты мәртебесіне қол жеткізген Бейжің марафоны 1981 жылдан бері өткізіліп келеді. Шарықтау кезеңінде, мысалы 2019 жылы Бейжің марафонында сынға түсуге 160 мың тіркелген еді. Елдегі қатаң локдаун режиміне байланысты биыл марафонға қатысушылардың санына шектеу қойылып, жасы жиырмадан асқан Бейжің тұрғындарының қатысуына ғана рұқсат берілген. Соған қарамастан биылғы сынға 30 мың адам қатысты.

06 қараша 2022 ж. 913 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 141

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 197

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930