Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » GGG "Канелоның" мәлімдемесіне жауап берді

GGG "Канелоның" мәлімдемесіне жауап берді

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында баспасөз мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Онда "Канело" Головкин екі түрлі адам екенін мәлімдеді. 
"Ол: "Мен оған ештеңе айтпаймын, БАҚ-қа ештеңе айтпаймын" деді де, мен туралы көп нәрсе айтты. Мұны бәрі жақсы біледі. Енді рингке шығатын сәтті күтіп жүрмін. Головкин - екі түрлі адам. Алдымен ол өзін жақсы жігіт ретінде көрсетеді, содан кейін мен туралы әр нәрсе айтады. Еркек бол, айтқаныңды айт!" - деді "Канело" бірлескен баспасөз мәслихатында.
Головкин оның "еркек бол" деген мәлімдемесіне жауап берді. 
"Бұл мен үшін жеке мәселе деп ойламаймын. Біреуді жақсымын я жаманмын деп сендіргім келмейді. Мен қазір кім болсам, сол адаммын. Саған айтарым: мен бокстасуға шығамын. Мен үшін бұл жағдай басқаша көрінеді. Оның жеке реніші болса, бұл менің проблемам емес. Бұл оның тұжырымы. Мен оны қалай сендіре аламын?" - деді Головкин.
Еске салайық, екі боксшы баспасөз конференциясында бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап, көз арбасты.
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.
26 маусым 2022 ж. 1 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30