Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақыты айтылды

"Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақыты айтылды

Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мен WBA мен WBC чемпиондық белбеулерінің иегері Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келер жылы өтуі мүмкін. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президеніт Эрик Гомес мәлімдеді.
Sky Sports басылымына сұқбат берген Golden Boy басшысы Головкин – Альварес трилогиясы әлемдегі коронавирус пандемиясының салдарынан 2021 жылға шегерілгенін айтты.
"Біз үшінші жекпе-жек туралы келіссөз жүргіздік. "Канело" жұдырықтасуға дайын. Келер жылы үшінші жекпе-жекті өткіземіз деген сенімдемін. Қазір екеуі де трилогия қомақты қаржы әкелетінін түсініп отыр. Оған қоса жанкүйерлер бұл жекпе-жекті тағатсыздана күтуде", – деді Эрик Гомес. 
The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер боксшылар бірнеше ай бұрын үшінші жекпе-жек өткізуге келісіп қойғанын, Головкин – "Канело" ІІІ айқасы келер жылдың мамыр айына жоспарланғанын хабарлаған еді.  Үшінші жекпе-жекте "Канело" 45 миллион доллар сыйақы алады екен, ал Головкинің сыйақысы – 30 миллион долларды құрайды. 
Биыл қос боксшы бір ғана жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Күзде GGG поляк боксшысы Камила Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек қазан не қараша айында АҚШ-та өтеді деп күтілуде. Ал Сауль Альварес екінші орта салмақта WBA супер чемпионы Каллум Смитпен жұдырықтасады. 
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өтті. 2017 жылы өткен бірінші кездесуде боксшылар тең тарқасса, екінші айқаста "Канело" төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
massaget.kz
22 қазан 2020 ж. 689 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 101

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930