Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин жапондық қарсыласына шапанын сыйлады

Головкин жапондық қарсыласына шапанын сыйлады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапондық Риота Муратаны мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін дәл ринг алаңында қарсыласына әдетте жекпе-жекке киетін шапанын сыйға тартып, чемпион белбеуін қайтарып берді,  деп хабарлайды Stan.kz.

"Қарсыласыма үлкен құрмет! Ол чемпион және солай болып қалады. Аригато!" – деп жазды өзінің Instagram парақшасында WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Головкин Instagram желісінде Мұратаның шешінетін бөлмесіне барып, қарсыласына жекпе-жек үшін алғыс білдіріп, оған естелік ретінде чемпиондық белбеуді қайтарған. Сол сәттің видеосын парақшасында жариялады.
"Риота, бұл сенің белбеуің мәңгілікке", – деді ол жапондықты құшақтап, белбеуді беріп жатып.
Желі қолданушылары спортшыны қолдап, мақтау сөздер жазып жатты. “Қазақстандықтардың кеңпейілділігі ғой”, “Гена адам нағыз адам ғой”, “Халықтың чемпионы тек мықты ғана емес, абыройлы чемпион”, “Қазақтың қаны ғой, қонақжай, кішіпейіл”, “Қазақтың мінезі”, – десті қазақстандықтар.
Еске салсақ, отандасымыз Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында өткен бокс кешінде Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super белбеулерінің иесі атанды. Бұл спортшының масабындағы 42-жеңіс.

10 сәуір 2022 ж. 1 334 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031