Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин карьерасындағы басты жекпе-жек кіммен өтетінін айтты

Головкин карьерасындағы басты жекпе-жек кіммен өтетінін айтты

Кездесу 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді. Бұған дейін GGG қарсыласы да жекпе-жекке қатысты ойын айтқан болатын. Головкин IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы WBA титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жекке дайындалып жатқанын хабарлады. Кездесу 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді. Fightnews.info тілшісімен сұхбат барысында қазақстандық боксшы алдағы кездесу карьерасындағы басты жекпе-жектің бірі болатынын атап өтті.
"Біріншіден, Мурата WBA тұжырымдамасы бойынша суперчемпион, Олимпиада чемпионы. Ол Жапонияның қаһарманы деп айтуға болады. Оны спортшы әрі адам ретінде қатты сыйлаймын, таныспын. Бұл бокс үшін үлкен оқиға. Карьераның әр кезеңінде басты жекпе-жектер бар. Қазіргі уақытта бұл кездесу мен үшін сондай", - деді Геннадий Головкин.
Ол бар назар алдағы кездесуге аударылғанын атап өтті. 
Бұған дейін қарсыласы Риота Мурата да жекпе-жекке қатысты ойын айтқан болатын.
"Головкин - мен құрметтейтін боксшы. Оны жеңіп, орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді. Кездесу өткізуге келіскені үшін алғыс білдіремін",- деді спортшы.
Риота Мурата - жапониялық кәсіпқой боксшы, орта салмақта (72,6 келіге дейін) өнер көрсетеді. WBA тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион. Мурата 2019 жылдың желтоқсан айында Стивен Батлерді жеңіп, титулын қорғағалы рингке шықпаған.
14 қараша 2021 ж. 485 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 106

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 104

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 102

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 92

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930