Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Бүгін, яғни 8 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қырық жасқа келген туған күнін атап өтеді. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мерейтойын Токиода тойлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Геннадий Головкин – The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазіргі IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBA және WBC орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.
Головкин бокс әлемінде жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын жеңген қарымды нокаутер ретінде танымал.Ол тоғыз жыл қатарынан: 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Спортшының есімі орта салмақтағы нокауттардың ең жоғары пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2006 жылы 72 келіге дейінгі орта салмақ дәрежесінде өткізді. Осы уақытқа дейін ол 43 рет жекпе-жек өткізіп, оның 36-сын нокаутпен, бір рет тең және бір рет жеңіліспен аяқтады. GGG-нің жалғыз жеңілісіне мексикалық Сауль Альварес себеп болды.Головкин өзінің 44-жекпе-жегін 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуде өткізеді.
Мен қырыққа келемін, өзімді әлі де керемет сезінемін. Қашанға дейін жұдырықтасамын? Күшім сарқылғанша. Жекпе-жектерге өзім үйренген деңгейде дайындалуға шама келгенше. Ал спортта ұзақ жүруімнің сыры неде? Жаман әдеттің жоқтығы.Геннадий Головкин
Геннадий жұбайы Алина екеуі үш бала тәрбиелеп отыр: олардың бір қызы мен екі ұлы бар.
08 сәуір 2022 ж. 475 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 104

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 102

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 100

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930