Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теннисшілер тілегі тыңдалса

Теннисшілер тілегі тыңдалса

Соңғы жылдары ауданда үстел теннисі жақсы аяқ алып келе жатқаны баршамызға мәлім. Теннисші жастар аудан чемпионатынан бөлек республикалық турнирлерде топ жарып жүр. Осы ретте бізді қынжылтатыны, деңгейі жоғары спортшылардың дайындалатын орны мен жас буынды баулитын үйірменің жоқтығы.
Теннисшілер қауымы алда келе жатқан ауданаралық спартакиадаға еш дайындықсыз қатысуға мәжбүр. Себебі, бұрын соңды спортшылар бас қосатын «Марсель» теннис клубы кәсіпкердің жеке шаруасына байланысты жабылып қалған. Ендігі олардың жалғыз бұйымтайы ауданда осы спорт түрінен үйірме ашылып, арнайы жаттығатын орын берілсе, сайыстарда аудан мерейін үстем ету.
Осы ретте үстел теннисінен облыстық, республикалық спартакиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы Ернар Ибрай:
– Мен спорттың бұл түрін мектеп қабырғасынан бастағанмын. Үстел теннисімен айналысып жүргеніме биыл 10 жыл толды. Бүгінгі күні Қызылорда облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысымын. Аудан спортшылары жыл сайын «Алтын күз» қарсаңында өтетін үстел теннисі сайысында 4 жыл қатарынан жүлде қорын толтырып келеді.
Сонымен қатар үйірмеге қатысқысы келетін балалардың қарасы да қалың. Егер ашылса, құлшынысы мол жас өскіндерден жоғары деңгейлі спортшы дайындап шығаруға маңдай терімді төгер еді. Үйірменің ашылуына Қазалы ауданының спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшитов мырза да барын салып жатқанынан хабардармын. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады деген үміттемін, – дейді.
«Үстел теннисінен үйірме ашылама?», – деген сауалмен Қазалы ауданының спорт бөліміне қоңырау шалған едік:
– Әрине үстел теннисінен аудан абыройын қорғап жүрген спортшылар баршылық. Бұйырса, №226 мектеп-гимназияның спорт залынан оқушыларға кедергі келтірмейтіндей етіп, спортшыларға уақыт қойып, 4 теннис үстелін берсек деп отырмыз. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша спорт нұсқаушысын алып, кейін сәтін салса жаттықтырушы штатын сұратамыз. Жаңадан спорт кешені салынса, сол жерден нақты орын алу да жоспарда бар.
Осы мәселелер жөнінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлымен ақылдасып, сәуір айының аяғына дейін бір жақты қылуға тырысамын, –дейді Қазалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшитов.
Жоғарыда айтылған бөлім басшысының пікірі жүзеге асса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, теннис үйірмесі – бос уақытын қайда жұмсарын білмей жүрген жасөскінді салауатты өмір салтына баулиды.

Серік АҚМЫРЗА
09 сәуір 2022 ж. 1 689 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031