Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің келесі жылы кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Головкиннің келесі жылы кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Эдди Хирн бұған дейін Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында жекпе-жек ұйымдастыруға мүдделі болған.
Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Екеуіміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр.
Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса», - деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында. 
Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді. 
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион, WBO нұсқасы бойынша Деметриус Андраде, WBC бойынша Джермалл Чарло, WBA Super орта салмақта белбеу иегері Риота Мурата.
16 қыркүйек 2021 ж. 937 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 136

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 193

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930