Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан әскерилері бокстан үш алтын алды

Қазақстан әскерилері бокстан үш алтын алды

Қорғаныс министрлігі спорт клубының спортшы-нұсқаушылары бокстан әскери қызметшілер арасында өткен 58-ші әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Теміртас Жүсіпов 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Ақтық сында бразилиялық Консейкао Леандерсты жеңіп, алтын жүлдені еншіледі. Құрама қоржынына екінші алтын салған Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ресейлік боксшы Алексей Семыкинді ойсырата ұтты. Абзал Құттыбеков 90 келіден астам салмақ дәрежесінде ресейлік Иван Сагайдакпен жекпе-жекте жеңіске жетіп, үшінші қазақстандық чемпион атанды. Дәмир Әбдіқадыр (52 келіге дейін) ресейлік боксшы Дмитрий Двалиге есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесіне ие болды. Чемпионатта Жасмин Кизатоваға (69 келіге дейін), Рүстем Шәуменовке (56 келіге дейін) және Айтжан Әшірханға (64 келіге дейін) қола медаль бұйырды. Жарыс Мәскеуде Әскери спорттың халықаралық кеңесінің (CISM) қолдауымен өтті. Чемпионатқа барлығы 36 елден 230-дан астам боксшы қатысып, ерлер арасында 10 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтті. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ресей командасынан кейін екінші орынға тұрақтады.
26 қыркүйек 2021 ж. 873 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031