Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр спортшылары Қазақстан чемпионы атанды

Сыр спортшылары Қазақстан чемпионы атанды

Kyzylorda-news.kz Алматы қаласында күрес түрлерінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Сыр спортшылары жоғары дəрежеде өнер көрсетті.

Əйелдер күресінен 53 келі салмақ дəрежесінде сынға түскен жерлесіміз Асылзат Сағымбай Қазақстан чемпионы атанды. Бұл облыс тарихында ересектер арасындағы алғашқы алтын медаль болды.
Ал грек-рим күресінен өткен жарыста Сыр балуаны Айдос Сұлтанғали жеңіс тұғырына көтерілді.
60 келі салмақта бақ сынасқан Айдос жарыс барысында бес кездесу өткізді.
Бес кездесудің нәтижесі: ШҚО – 8:0, Алматы облысы – 10:1, ШҚО – 8:0, Ақмола облысы – 5:0, финалда шығысқазақстандық балуанды 3:1 есебімен ұтып келе жатып, қарсыласы жарақат алып, жеңіс Айдосқа берілді.
97 келіде Олжас Сырлыбай күміс, 72 келіде Айдос Сүлеймен қола жүлделерге ие болды.
Спортшыларды жарысқа Жандос Бөрібеков, Ғабиден Райымбек, Виктор Юн, Ермек Көкетов, Рақымжан Пайзбеков, Самат Оспан жəне Қанат Көбегеновтер дайындады.
Айта кетейік, ел чемпионатында еркін күрестен облыс командасы 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 1-орынды жеңіп алған болатын.
27 қараша 2020 ж. 1 540 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 152

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 139

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031