Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұқалмас жігер жемісі

Мұқалмас жігер жемісі

Басты спорт сынында паралимпиадашылар жүзу, дзюдо, пауэрлифтинг, таеквандо, жеңіл атлетика жарыстарынан өзге тұңғыш рет пара каноэ, оқпен атудан лицензия жеңіп алды. Деректерге жүгінсек, Токио-2020 – Тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысқан алтыншы Паралимпиада ойындары. Бұған дейін біздің елден Атланта 1996 олимпиадасына –12, Сидней – 2, Афина 2014 – 8, Пекин 2008 – 3, Лондон 2012– 7, Рио 2016 – 10 қазақстандық параспортшы бақ сынаса, алғаш рет жиырмадан астам спортшы қатысу мүмкіндігіне ие ­болды.
Көпшілік үміт артқан фаворид пара таеквондошы Нұрлан Домбаев 75 келіге дейінгілер арасында қола медаль үшін күресіп, тең түсіп жатқан қарсыласы аргентиналық спортшы Хуан Саморанға соңғы минуттарда бір соққы жіберіп алып, ұпай айырмашылығымен, көрсеткішін еселетті. Осылайша Нұрланға бесінші орынды місе тұтуға тура келді. Бұл саптағы Рауан Қойшыбаева, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов, Ғалымжан Смағұлұлы, Сиязбек Дәлиевтер үмітті ақтай алмады.
Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль еншіледі.
Парапауэрлифтирші Давид Дегтярев чемпион атанып, көк байрақты желбіретті. Спорттың осы түрінен қатысқан тағы бір Қазақстан құрамасының өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бестіктен табылды.
Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид алғашқыда 170 келі зілтемірді еркін еңсерсе, екінші мүмкіндігінде 174 келіні бағындырып, қарсыластарын шаң қаптырды. Ақмола облысы тумасының 2018 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылы Азия параолимпиада ойындарының күміс жүлдегері болғаны көптің есінде.
Сара саңлақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралипиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін», – деген құттықтауын жолдады. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржақпаев «алтын» ұлдың ерлігіне лайықты құрмет жасап, көлік пен үш бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Олимпиаданың алғашқы күндерінде жүректі жылытқан жаңалық, өкінішке орай осымен тәмамдалды.
Парадзюдошылар жарады. Олар қоржынды үш медальмен толықтырды. Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет күміспен күптетті.
60 келі салмақта өнер көрсеткен Әнуар Сәриев финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиден жеңіліс тапты. Теміржан Дәулет ақтық сында боз кілемдегі қарсыласы өзбекстандық спортшы Феруз Саитовқа 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жол берді.
Қос жігіттің жолын жалғаған Зарина Байбатинаның жүлдесі жанкүйерлер үшін алтыннан кем болмады. Төртінші медальді сыйлаған балуан қыз финалда әзірбайжандық Дурсадаф Каримоваға есе жіберіп алды.
Парадзюдодан бас жаттықтырушы Жандос Қиянов жарыс алдында берген сұхбатында кезекті медальдің иегері деп иек артқан жерлесіміз Даяна Федосова техникалық мүмкіндіктерін көрсете алмай, жарыс жолынан шығып қалды.
Суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қазақ жұртына қола жүлде сыйлады.
Қорытынды есеп бойынша алдыңғы орындардан 207 медальмен Қытай, 124 медальді қанжығалаған Ұлыбритания елдері көрінсе, 104 жүлдеге қол жеткізген АҚШ құрамасы үштікті түйіндеді. Сындарлы шақтағы түрлі қиындыққа қарамай, күш-жігерлерін үміт күткен жұртының сенім үдесінен шығуға жұмылдырып, намысты қолдан бермеген қазақстандық команда жалпы есепте 51- орыннан көрінді.
А.ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
07 қыркүйек 2021 ж. 865 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031