Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстандық спортшылар Паралимпиадаға қатысады

Ауғанстандық спортшылар Паралимпиадаға қатысады

Халықаралық паралимпиада комитетінің хабарлауынша, Пара­лим­­пиадаға қатысу үшін Ауғанстаннан Токиоға екі спортшы келді.
Закия Худадади мен Хосейн Расули өткен аптаның соңында құтқарылған. Олар «Талибан» бақылауындағы елден Францияға эвакуацияланды.
«Закия мен Хосейн Токио-2020 Паралимпия ойындарына қатыспақ. Олар қазір өз армандарын орындау үшін Токиоға келді. Осылайша, әлемнің көптеген еліне үміт сәулесін сыйлады», деді комитет басшысы Эндрю Парсонс.
Екі спортшы Ауғанстаннан Францияға жеткі­зілген соң, бір апта Парижде Францияның спорт министр­лігінің оқу орталығында болған. Олар сенбі күні кешке Токиодағы Паралимпиадалық ауылға жетті.
Худадади 2 қыркүйекте әйелдер арасында таэквондодан 44-49 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі, ал Расули ерлер арасындағы жеңіл атлетика бәсекесінде 400 метрге жүгіреді.
30 тамыз 2021 ж. 985 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031