Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио-2020: үкілеген спортшылар үмітті ақтамады

Токио-2020: үкілеген спортшылар үмітті ақтамады

Токио олимпиадасы қазақтың көңілінен шықпай тұр. Бәсеке қызғанмен үкілеген спортшыларымыз аса қуанта қоймады. Қолда бары үш қола ғана. Сенім артқан сайыпқырандарымыздың біразы бүгін де атой сала алмады.
Үміт күткен Баландин финалға өте алмады.Жартылай финалдық бәсекеде 8 спортшы арасынан 6-шы келді. Садақ ату сынында Санжар Мұсаев алғашқы айналымнан аса алмады. Ол қытайлық спортшымен кездескен еді. Нәтижесінде, 4:6 есебімен есе жіберді. Дзюдошы Ислам Бозбаев та әзірбайжандық Маммадали Мехдиевтен жеңіліп қалды. Боксшыларымыз да үмітті ақтамады. Бүгін ең алғаш болып шаршы алаңға жерлестеріміз арасынан Надежда Рябец шыққан. 75 келіге дейінгілер арасында ол канадалық Тамара Тиболтпен жекпе жекке шығып, 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, Надежда қыздар арасында жолдама жеңіп алған жалғыз боксшымыз. Токио олипиадасындағы ендігі үміт теннисші Елена Рыбакина. Ол бүгін испаниялық спортшымен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 7:5, 6:1. Ойын 1 сағат 34 минутқа созылды. Енді жартылай финалда отандасымыз әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісі швейцариялық әріптесімен кездеседі. Айта кетейік, олимпиададағы теннис бәсекелерінің тарихында қазақстандық спортшы бірінші рет осындай үлкен жетістікке жетіп отыр.
28 шілде 2021 ж. 904 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 138

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 105

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 114

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031