Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионатына берілген жолдамаға ие болды

Азия чемпионатына берілген жолдамаға ие болды

Биылғы жылдың 24-26 наурыз күндері Lichess.org сайтының шахмат алаңында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарыста жерлесіміз Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленді. Швейцар жүйесі бойынша өткізілген жарыста ол 9 турдан жеті ұпай жинады.Жас шахматшы 18 жасқа дейінгі 18 қыздың арасынан үздік шығып, Азия чемпионатына берілген жалғыз жолдаманы жеңіп алды. Ол мамыр айында онлайн жүйеде өтетін Азия чемпионатына Қазақстан атынан сынға түседі. Оған дейін Ақтөбеде ересектер арасында өтетін ел чемпионатының классика түрінен жартылай финалда бағын сынайды.Айтулы жарыста 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында Нұрдәулет Таңатов қола жүлдені еншіледі.Шахматшылар №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушылары – Василий Шимелков пен Риза Қошқарова.Айта кетейік, байрақты бәсекеге еліміздің барлық қалалары мен облыстарынан 8-18 жас аралығында 500-ден астам спортшы қатысты.
29 наурыз 2021 ж. 2 825 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031