Головкин – «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін уақыт аталды
GGG – «Канело» жекпе-жегі өтуі мүмкін уақыт аталды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жақын арада өтуі қажет, әйтпесе өзекті болмай қалуы мүмкін. WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісімен әңгіме барысында осылай деді.
Фил Джей Головкиннің «Канеломен» кез келген салмақтағы жекпе-жегі айтулы оқиға болатынын айтты.
«Алайда мексикалық боксшының жекпе-жек кестесі өте тығыз. Мамырда Йылдырыммен, кейін Сондерспен жекпе-жекке шығады. Түрік боксшысының мүмкіндігі жоқ, ал «Канелоның» қазіргі дайындығы Билли Джодан әлдеқайда күшті. Бұл екі кездесуден кейін не болатыны белгісіз. Мүмкін, Головкинмен немесе күзде Платпен үшінші жекпе-жегінің өтетінін жариялайды. Қазір GGG «Канеломен» бәсекелесе алатын санаулы спортшылардың бірі. Ал көрермендер мен жанкүйерлер бәсекені қалайды. Екі жақ та жағдайды жақсы түсінеді және жекпе-жек өткізу үшін қолдан келгенін жасайды», – дейді ол.
Сарапшы жекпе-жек өтуі ықтимал мерзімдерді атады.
«Олар күзде немесе келесі жылдың көктемінде кездеседі. Одан кейін жекпе-жек өзегін жоғалтады», – дейді Фил Джей.
Айта кетейік, ресми келіссөздер әлі болған жоқ. Бұған дейін БАҚ-та Головкин жеңіске жетсе, онда ол қыркүйекте «Канеломен» үшінші жекпе-жегін өткізуге тырысады, ал Хайме жеңсе, болашақта Альвареске қарсы тұра алатын жаңа жұлдыз пайда болатыны хабарланған еді.