Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанға белгіленді
Геннадий Головкин чемпиондық белдігін 21-інші мәрте қорғайды.
Бұл – өзіндік рекорд. Жекпе-жек кеші 18 желтоқсанда Флорида штатының Холливуд қаласында өтеді. Бұл жөнінде DAZN спорттық стримингтік қызметі мәлімдеді. Қазақстандық боксшының келесі кездесуі туралы ақпарат бұған дейін де болған. Енді ресми расталып отыр. Жерлесіміз Камил Шереметамен жұдырықтасады. Польшалық боксшы бүгінге дейін 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Енді IBF тұжырымының талабы бойынша қос мықты кездесуі керек. Айта кетейік, Головкин ең соңғы кездесуін бір жыл бұрын өткізді. Нью-Йорк қаласында украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белдікті иемденген болатын. Ал Камил Шеремета дәл осы бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен жолығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.