Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкиннің жекпе-жегі не үшін кейінге шегерілді

Головкиннің жекпе-жегі не үшін кейінге шегерілді

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты тағы да кейінге шегерілді.
Қазақстандық боксшы негізі жекпе-жегін қараша айында АҚШ жерінде өткізуі керек болатын. Оның қарсыласы да белгілі еді. Головкин IBF белбеуінің міндетті қарсыласы полшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) айқас өткізу керек тұғын. Бірақ полшалық боксшының промоутері Анджей Василевски жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.
"Біз тікелей Головкиннің командасынан жекпе-жек желтоқсанның аяғында немесе қаңтардың ортасында өтуі мүмкін деген ақпарат алдық. Дегенмен біз бұған дейін де мұндай хабар алған едік.
Бұл жағдай боксшының өзіне бапкерлер мен проуометерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Біз кездесудің нақты қашан өтетінін асыға күтіп жүрміз. Камил күн сайын жаттығу жасап жатыр. Жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне ол да уайымдап отыр", деп келтіреді промоутердің сөзін RingPolska.
"Желтоқсанда АҚШ жерінде жанкүйерлердің қатысуымен жекпе-жек өткізуге болады. Мүмкін осы үшін де Головкин кездесуді кейінге шегерген шығар. Қазір Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум бұл мәселені шешудің жолын қарастырып жатыр", деп жазады басылым.
Негізі Головкин шаршы алаңға 2020 жылдың ақпан айында шығуы керек еді. Бірақ кейін бұл дата наурызға ауыстырылды. Дегенмен ол кезде жаттығу барысында Головкин жарақат алып, жекпе-жек тағы кейінге қалды.
Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қазан айында Нью-Йорк қаласында шығып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңді. Бұл кеште Камил Шеремета да шаршы алаңға шығып, мексикалық Оскар Кортестен үстем түсті.
26 қазан 2020 ж. 156 0

Бүгінгi жаңалықтар

Елге қызмет – мерейлі міндет

01 желтоқсан 2020 ж. 38

Тағамның тәттісі – түймеш

01 желтоқсан 2020 ж. 38

Салт-дәстүр – өшпес мұра

01 желтоқсан 2020 ж. 35

Қарашадағы қос қуаныш

01 желтоқсан 2020 ж. 38

Тарихи туындылар тізбегі

01 желтоқсан 2020 ж. 40

Елді ерлікке жеткізген

01 желтоқсан 2020 ж. 39

Жасампаздықтың жаңа белесі

01 желтоқсан 2020 ж. 41

Шекараны шегендеу

01 желтоқсан 2020 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031