Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья халықаралық жарыста топ жарды

Илья халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин дәстүрлі 6-шы Халықаралық бірлік чемпионатта алтыннан алқа тағынды.
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекеде Илья Ильин 102 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын. Қазақстандық зілтемірші қос сайыс қорытындысы бойынша 355 килоны бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлде Катар спортшысы Фарес Ельбахтың (353 кило) қанжығасында кетті. Үздік үштікті жергілікті ауыр атлет Умарбек Шохназаров (341 кило) түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына Игорь Сон алтын жүлдені салған болатын. Ол 61 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде 286 килоны бағындырып, топ жарды. Аталмыш жарыс Токио Олимпиадасының іріктеу турнирі саналады. Дүбірлі додада 47 елдің ауыр атлеттері бақ сынап жатыр.
13 ақпан 2020 ж. 1 067 0

Жас көшбасшы – ел үміті

28 наурыз 2026 ж. 68

Триумф төрінен табылған

28 наурыз 2026 ж. 65

Көктем – Қыз

28 наурыз 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031