Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Қызылордалықтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті

Президент: Қызылордалықтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті

Қызылорда облысы тұрғындарының жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі аккаунтына сілтеме жасап.

«Сыр бойы - елдің әл-ауқатын еселеп, халқымыздың бақ-берекесін арттырған өңір! Қызылорда - халықтың тағдырлы шешімдері қабылданған қала», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, республикалық деңгеймен салыстырғанда Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен.

«Мәселені бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес. Мен мұны түсінемін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ атап өтілгендей, қоғамды мазалайтын келесі мәселе - азаматтарымыздың еңбек құқығы. Мемлекет басшысының айтуынша, әсіресе, шетелдік компанияларда жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың мүдделерін қорғау маңызды.

Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев Елбасының бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асырылатынын және олардың ауқымы кеңейе түсетінін атап өтті.

«Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады», - деді ол.

Президенттің сөзінше, биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жол құрылысы салаларында құны 1,7 миллиард теңге болатын 60 жоба жоспарланған. «Облыс әкіміне оларды өз уақытында әрі тиімді жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Онда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды. Сондай-ақ қаланың сол жағалауында пайдалануға берілген нысандармен танысты.
14 мамыр 2019 ж. 1 510 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031