Тұңғыш Президенттің еңбегі зор

Біз 30 жыл бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың ізіне ердік, оның идеясымен тәуелсіз қазақ елін құрдық, оны әлемге таныттық. Бұл істе барлық қазақстандықтардың үлесі бар. Біріміз саяси науқанмен, біріміз кәсібімізбен, біріміз ұстаздық қызметімізбен, біріміз халық денсаулығы мен олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысуымызбен, тағы біріміз өзіміздің парасатты ойымыз және төзімімізбен қол ұшын бердік.
Енді қазақстандықтарды тағы бір сын, әлде бір елдер сияқты бірлігіміз бен тұтастығымызға сызат түсіріп алмау сыны күтіп тұр. Қазақ елінде толағай өзгерістер болды. Соқпағымыз – даңғыл жолға айналды. Айлық жол күндік жолға теңесті. Сарылып алар хабар-ошарды, көзді ашып-жұмғанша көз көріп, құлақ еститін болды. Әлемді шарлау, ой мен сөзге ерік беру, тәуелсіз ақпарат құралдарын шығару тәуелсіздігіне қол жетті. Екі қол, он екі мүшесі түгел адамға жалғыздықты сезінбейтін заман туды.
Олай болса, бұдан әрі де, Қауіпсіздік кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі және Қазақтан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының ақыл-кеңесімен қоғамымызды дамыта тусуміз керек.
Шарафадин АЛТЫНБАЙҰЛЫ,
Қазалы ауданының Құрметті азаматы,
Ардагер ұстаз