Тоқаев бірінші сыныптан бастап оқушыларға ағылшын тілін оқытуға қарсы шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев оқу жүйесіне алаңдайтындығын көрсетіп, тілдің үлкен саясат екенін өзінің Twitter парақшасына жазған.
"1.09 жаңа оқу жылы басталады, бұл оқу бағдарламалары туралы ойланатын қисынды себеп. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қаншалықты қажеті бар? Осы тілде толығымен дайындалған мұғалімдер жеткілікті ме? Тіл-үлкен саясат. Әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек", - деп жазды Тоқаев.