Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлесімізді үдетеді

Үлесімізді үдетеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы дәстүрлі Жолдауын педагогтар қауымы да үлкен ықыласпен тыңдады.
Еліміздегі әлеуметтік мәселелер әлеуетін жан-жақты қамтыған құнды құжат мазмұнымен емес, маңыздылығымен көпшілік көкейіне ұялады. Қазақстан халқына арналған Жолдауларында білім беру саласы ешқашан назардан тыс қалған емес.
Осы Жолдауда да 2019 жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатыны айтылды. Аталмыш заң мұғалімдердің мүдделерін шешіп, артық жүктеме мен жұмыстан тыс істерге ендігі жерде олардың қамтылуын шектеуді көздейді. Заманауи талаптар деңгейінде жас ұрпақты жан-жақты тұлға ретінде қалыстастыру ісі күнделікті ізденіс пен уақытты талап етеді.
Бұл күні қаралған мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетікті қарастыру жайының қатарында балабақша тәрбиешілері жалақысын төлеу жүйесін біліктілік талптарына сай қайта қарау да бар. Президент баланың ойлау қабілетінің құрылымы алты жасқа дейін қалыптасатынын алға тартып, бұл мәселеге тиісті деңгейде мән беріліп отырмағанын баса айтты.
Мемлекет басшысы әзірлеуді тапсырған Жол картасы бойынша Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе жұмыс жасауда. Бұл мұғалімдердің мәселесін оңтайландырады деп үміт етіп отырмыз.
Басты байлық, құнды капитал – білімге бөлінген көңіл бізді қанаттандырып, ел ертеңіне қосар үлесімізді артыруға деген үлесімізді үдетері сөзсіз.

Сәуле МҰХАШОВА,
№4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.
05 қазан 2018 ж. 1 248 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031