Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің үздік полицейлері анықталады

Еліміздің үздік полицейлері анықталады

Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін анықтайтын республикалық байқау басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-әрекет тиімділігін арттыру мақсатын көздеген аталған байқау осымен елімізде үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтық байқауда үздік деп танылған 17 жол-патруль қызметкері өзара бақ сынайды. «Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ішкі істер органдары іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі. Осы міндеттерді атқару жоль-патруль полициясы саптық бөліністерінің күштеріне жүктелген. «Өз кәсібінің үздігі» байқауы ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы №515 бұйрығын орындау үшін жыл сайын республикалық деңгейде өткізіледі. Жол-патруль қызметкерінің кәсібилігімен қатар, жылдамдығы, яғни шешімді заңға сәйкес әрі тез арада қабылдауы да басты назарда. Тағы бір мақсатымыз - аталған кәсіп иелерінің қоғам алдындағы беделін көтеру»,-деді Астана қалалық қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқарма бастығының орынбасары Еркін Мүслімов.   Байқау келесі сынақтардан тұрады: - Құқықтық-нормативтік актілер, жол жүру қағидасы, оқ ату және қызметтік дайындығы бойынша теорияны білу;  - Әкімшілік заңнаманы іс жүзінде қолдану;  - Дене шынықтыру даярлығы; - Табельдік және автоматтық қарудан атыс даярлығы; - Жауынгерлік күрес даярлығы; - Алғашқы медициналық жәрдем көрсету; - Саптық даярлық бойынша практикалық тапсырмаларды орындау; - Жоғары қозғалыстағы жол қиылысында қолмен реттеу біліктілігі; - 3 түрлі көлікте жол қозғалысын маневрлеу (жеңіл, жүк көлігі және мотоцикл).  Байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыс өкілдері қатысып жатыр. 4 күнге созылатын байқау 12 номинация бойынша бағаланады.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 064 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 137

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 142

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 146

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 129

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 127

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 143

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031