Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Борышкер болма, азамат!

Борышкер болма, азамат!

Қазақстанның кез келген саналы азаматы Заңды бұзбауға, оның үстемдік етуіне мүдделі. Дегенмен жүргізуші куәлігін алғаш рет алған адам тәжірибенің жетіспеушілігінен жол ережесін бұзып қоюы қалыпты жағдай десек қателеспейміз. Сонымен бірге денсаулық жағдайына, шаршап тұрған себепті кейбір жол белгілерін аңғармай қалатын жерлестеріміз аз емес. Мұндайды байқаған полицейлер жүргізушіні тоқтатып, ескерту немесе айыппұл толтырып береді. Ал жол ережесін бұзған адам өз әрекеті үшін Заң алдында жауапкершілік арқалайды.

Қазіргі таңда түрлі себептермен арқалаған айыппұлды төлей алмай жүрген қазалылықтар баршылық. Тіпті кейбірі айыппұлды төлеуді ұмыт қалдырса, екіншісі саналы түрде борышты өтеуден жалтарып жүр. Сол себепті аудан аумағында 7-30  маусым аралығында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мұндай әрекет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтауды көздейтінін баса айта кету керек.

Осы тұста аудандық полиция бөлімі тұрғындарды айыппұлды мерзімінен асырмай төлеуге шақырады. Ол үшін электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде «egov.kz» сайты көмекке келеді. Бұдан бөлек екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардың интернет-сайттары арқылы онлайн-төлем жасауға болады. Ал qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz. ортасында айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексеруге болады. Бұл үшін «өз айыппұлдарың туралы біл» бетбелгісіне кіріп, көлік иесінің ЖСН-ін енгізу керек. Содан кейін фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, сол жерде осы бұзушылықтардың фотосуреттерін басып шығаруға болады.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзбауға, ал егер құқық бұзушылыққа жол берсеңіз, айыппұлды уақытында төлеуге шақырады.
Қазалы ауданының Полиция бөлімі
19 маусым 2023 ж. 9 639 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31