Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тыйым салынған материалдарды жариялаған сайттар анықталды

Тыйым салынған материалдарды жариялаған сайттар анықталды

2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 10 174 интернет-ресурстың мазмұнына сараптама жүргізіп, оның ішінде 3 555 сайттың заң бұзушылық бағыттағы қызметін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жүргізген діни сараптама жұмыстары барысында 4 332 материалға (діни әдебиеттер, діни бағыттағы басқа да материалдар) зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 196 нысанға теріс қорытынды берілді.
Діни сараптама жүргізудің негізгі міндеті - Конституция нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына теріс әсер ететін заң бұзушылықтарды анықтап, оларға сараптама жүргізу болып табылады.
Дінтану сараптамасының объектілеріне діни мазмұндағы және діни бағыттағы нысандарды қамтитын ақпараттық материалдар, рухани (діни) білім беру бағдарламалары, жарғылық және діни мазмұндағы басқа да құжаттар жатады.
Бұл ретте діни әдебиетті, діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, заттарды тарату діни ғимараттарда (құрылымдарда), рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен арнайы белгіленген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі. Елімізде діни материалдар мен бұйымдарды саудалауға арналған 257 арнайы орын бар.
Жеке пайдалануға арналған заттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелуді діни сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана тіркелген діни бірлестіктер жүзеге асырады.
Бұдан бөлек, діни радикализм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл интернет-ресурстарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, 2017 жылы тек Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 10 174 интернет-ресурстың мазмұнына сараптама жүргізіп, оның ішінде 3 555 сайттың заң бұзушылық бағыттағы қызметін анықтады.
Заң бұзушылықтар анықталған сайттар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі.
26 қаңтар 2018 ж. 1 522 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930