Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

2020 жылғы 21 қаңтар күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерсейтов Ардақ Жайдақұлы департаменттің 2020 жылғы атқарылған жұмыс нәтижиелері бойынша брифинг өткізді.
Брифинг барысында 2020 жылы Департаментпен 61 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғандығын, олардың негізгі бөлігін парақорлық фактілері құрайды – 47% немесе 29 факт, сондай-ақ жымқыру және алаяқтық – 16% немесе 10 факт болғандығын хабарлады.
Сонымен қатар, өндірісте барлығы 71 сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері болды, оның 36 сотқа жолданғандығын,аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 1 млрд-тан астам, өндірілгені –1 млрд теңге екендігін атап өтті.
2020 жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 11 адам сот үкімімен әртүрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға, қылмыстық істерді қосымша тергеуге жол берілген жоқ.
Шара соңында қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабына сәйкес 61 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 55 ұсыныс қаралғандығын назарға ұсынып, нәтижесі бойынша 236тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын баяндады.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы»

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Департаменттің, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері, мердігер ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауына жылжымалы зертханамен 21 рет мониторингке шықты, 60 ақаулар анықталып, 28 жойылды.
Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша қызметі барысында, жол төсемінің жай-күйіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі ауыр салмақты үлкен жүкті тасымалдау болып табылатындығы анықталған.
Бұл ретте, жыл басынан көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 10-рет рейдттік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 25 жүк көліктеріне әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, айппұлдар салынды. (Атап айтқанда ҚР әкіімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабының 6 бөлігі «Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден асыруы, арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi», 571 бабының 7 бөлігі, «Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден асыру» сияқты өрескел әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, айыппұлдар салынған).

Мемлекттік сатып алу бағыты:

Мониторинг барысында 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында сатып алынатын тауар бағасы ішінара нарық бағасына күмән туғызған 55-ден аса ұйым мен мекемелерге бірқатар ұсынымдар берілді.
Нәтижесінде, әтижесінде, ағымдағы жылы сатып алуға жоспарланған тауарларды зерделей келе 497,5 млн. теңге үнемделіп, оның ішінде462,7 млн. теңгесі бюджетке кері қайтарылды.

«Protecting bussines and investments» жобасы

Аталған жоба аясында инвесторлардың жалпы құны 555,8 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық(6 шетелдік неше 16 отандық) жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алды.
Жоба аясында 2018-2020 жылдар аралығында кәсіпкерлерден 62 өтініш келіп түсті, оның 33-і қанағаттандырылды, қалған 29-і бойынша тиісті түсініктемелер берілді. 2020 жылы салық органдарында тіркеу, мемлекеттік жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша тендерге қатысу және жер мәселелері бойынша 6 кәсіпкерге (жоба субъектілері болып табылмайды) көмек көрсетілді.

«Адал көмек» жобасы аясында

Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адал көмек» жобасы аясында жыл басынан облыс бойынша 173 шара ұйымдастырылып, жалпы 733 азаматтардың әр-түрлі сала бойынша тиісті мемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тегін құқықтық кеңестер алды.
Карантин кезеңінде «Антикор орталығының» ғимаратында «Адал көмек» жобасы аясында тегін құқықтық кеңес беріліп, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер арқылы өткізіліп және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып азаматтармен кездесу өткізілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат




22 қаңтар 2021 ж. 3 307 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930