Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі мақсат жолында

Мерейлі мақсат жолында

Гүлдәрі Иманалиева Тәуелсіздікпен түйдей құрдас. Ол Қазалы қаласында дүниеге келіп, осындағы жазушы, драматург Қалжан Нұрмахановатындағы №95 мектептен білім алды. Қызылордадағы №5 кәсіптік лицейді «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Қазір Алматы қаласындағы Қазақ инженерлік қаржылық институтының «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша сырттай бөлімде білім алады. 2013 жылдың ақпан айынан «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалында еңбек жолын бастады.2017 жылы «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, іскерлігімен көзге түскен жас 2019 жылдан бастап «Jas Otan» Жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы қызметін қоса атқарып келеді.  Жүрек жарды жырларымен оқырманын тапқан шығармашылыққа жақын жан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Гүлдәрі мектеп жасынан түрлі байқауларда бақ сынады, сайыстарда сыналды. 2012 жылы аудандық «Қыздарға әсемдік жарасады» қыз сынында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.  М.Мәметованың 90 жылдығына арналған облыстық ақындар мүшәйрасында өнері бағаланып, екінші орын иеленді. Тапсырылған іске тиянақты Гүлдәрінің ізденімпаздығы мен жауаптылығы алға жетеледі. Басшылық тарапынан айтылған жылы лебіздер бойжеткеннің талпынысын арттырды. Бұл жөнінде Гүлдәрі:
– Қызылорда облыстық білім департаментінің басшысы А.Мухимовтың, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Жүсіповтың, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбековтың, Н.Байқадамовтың, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың, аудан әкімі Н.Шамұратовтың, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті, академик Ө.Айтбайұлының, Құрмет грамотасын алдым. Ғ.Мұратбаев және «Қазақстан Республикасына 25 жыл» төсбелгілерінің иегерімін. Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғ.Мұратбаев атындағы облыстық жастар сыйлығын алдым. Бұның барлығы маған жігер береді, – дейді.
Белсенді жасқа өткен жылы облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қолымен «Үздік үкіметтік емес ұйым» номинациясы тапсырылды. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнінде Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің мерекелік қабылдауында болып, Құрмет грамотасын иеленіп қайтты. Жастар жылының қорытындысына орай «Жылдың үздік бөлімше басшысы» номинациясына қол жеткізді. 
Гүлдәрі Тасболатқызы басшылық жасайтын «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігі 2017 жылдан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға белсене араласып келеді.
 Бірлестік «Әйелдерді қорғау, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту», «NEET» санатына жататын жастармен жұмыс жүргізу, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік жағдайын қалыптастыру», тағы басқа тың жобаларды жүзеге асырды. Сондай-ақ «Ұлы даланың ұлы аналары» жобасын 11 ауылдық округте өткізіп, батыр аналардың алғысына бөленді. Жастар жылы аясында Германияның халықаралық ынтымақтастық қорынан аға сараптама қызметі (SES) компаниясынан ауданымыздағы жастар саясатын дамыту мақсатында профессор, маманды алдырып, жастарға мүмкіндікке толы 17 күн сыйлады. Нәтижесінде 14-29 жас аралығында 80 жас арнайы семинар сабақтарға қатысып, білімін жетілдірсе, 45 психолог маман өз жұмысын жандандыруға бағыт-бағдар алды.
Жанына ізденіс пен талпынысты серік етіп, мерейлі мақсатқа ұмтылған Гүлдәрі Тасболатқызы қыз-келіншектер мейрамына осындай жақсы жетістіктермен жетті. 
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
07 наурыз 2020 ж. 1 116 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930