Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Педагог мәртебесі туралы» заңда 303 мың теңгені құрайтын айыппұл бар

«Педагог мәртебесі туралы» заңда 303 мың теңгені құрайтын айыппұл бар

Мұғалімдерді олардың жұмысына қатысы жоқ шараларға күштеп тартқандарға және олардан басыартық есеп талап еткендерге 303 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» және оған ілеспе заң жобаларының ақырғы нұсқалары құпталды. Енді бұл құжаттар Парламентке енгізіледі.

Үкімет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заң жо­басы Елбасы Н.Назарбаевтың бас­тамасы бойынша әзір­ленгенін еске салды. Ол сон­дай-ақ Мем­лекет басшысы Қ.Тоқаев­тың орта білім беру жүйесін дамыту және білім сапасын арттыру жөніндегі алға қойған міндеттеріне жауап береді.

Бұл заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсат-идеясы – мұ­ғалім­дердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұ­мыстарды орындаудан босату, сол арқылы ұстаздарға өзін-өзі дамытуға және шығарма­шылықпен айналысуына мүм­кіндік беру. Бұған қоса, осы абзал мамандық иелерінің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын ұлғайтуға, педа­гогтік шеберлігі мен тәлім­герлігі үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар көзделуде. Айта кету керек, бұл заң жобасы өңір әкімдеріне жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай мұғалімдерге қосымша материалдық көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Тиісінше, қай өңір ұстазға көбірек құр­мет-қошемет көрсетсе, білім саласының ең үздік, білікті ма­­мандары да соларға ағы­лады.

– Мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына және бә­секеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау жоспарланған. Педагог мәртебесін арттыру, оларды ынталандыру міндеті де көзделеді. Жалпы, заң жо­ба­сын іске асыру мұғалім маман­дығының мәртебесін арттыруға, олардың ар-на­мысы мен қадір-қасиетін қорғауға, педагогтар үшін әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жасауға жол ашады, – деді Асқар Мамин.

Мәселені қарау қоры­тын­дысында Үкімет жетекшісі «Педагог мәртебесі туралы» және «Педагог мәртебесі, оқу­шы мен мұғалім жүктемесін төмендету мәселелері жөнін­дегі кейбір заңнамалық акті­лерге өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заң жо­баларын Мәжіліске 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай, осы апта ішінде енгізуді тап­сырды. Қолданыстағы шектеу­лерден басқа, психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігер бақы­лауында тұрған адамдардың педагог қызметімен айна­лысуына тыйым салынбақ. Жұмыс тобына мұғалім­дерден 18 мыңнан астам ұсы­ныс келіп түсіпті. Нәтижесінде, «Педагог мәртебесі туралы» заңның ақырғы жобасына 19 бап кіріп отыр.

– Негізгі материалдық ын­та­ландырулар қатарында сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін ақыны екі есеге өсіру, педагогикалық ше­берлігі үшін қосымша ақы төлеу, барлық педагогтің жыл сайынғы демалысын 56 күнге дейін ұлғайту, магистр дәре­жесі үшін және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төлеу кіреді, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Мұның сыртында мате­риалдық емес ынталандырулар да көзделмек. Атап айтқанда, мұғалімдердің жүктемесі тө­мендетіледі. Олардың ар-на­мысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі қамтамасыз етіледі. Мұғалімдердің бала­ларына балабақшада бірінші кезекте орын беріледі. Тек педагогтерге арналған «Қа­зақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы тағайындалады.

– Мұғалімнің кәсіби функ­циясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы педагогтің жүктемесін қыс­қарту бойынша жеке нормалар көзделген. Мұғалімге тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған, – деді БҒМ басшысы.

Қолданыстағы шектеу­лерден басқа, психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігер бақы­лауында тұрған адамдардың педагог қызметімен айна­лысуына тыйым салынбақ.

«Аталған заңдар сынып жетекшілігі үшін 173 мың мұ­ғалімнің, ал дәптер тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысын екі есеге көбейтуге мүмкіндік береді. 212 мыңнан астам қызметкер біліктілік санаты үшін айлық жалақыдан 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы алады. 7 мың қызметкер магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде, яғни 25 250 теңге, 18 мың қызметкер тәлімгерлік үшін 1 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде, яғни 17 697 теңге қосымша ақы алатын болады», – деді А.Аймағамбетов.
29 тамыз 2019 ж. 1 357 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930