Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырды

Білім министрі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырды

Заң жобаларын әзірлеу кезінде арнаулы жұмыс тобы құрылды. Олар еліміздің барлық аймағында педагог қауыммен кездесті. Осы аралықта жалпы 18 мыңнан астам ұсыныс талданды.
Барлық ұсыныстар мұғалімдер мен сараптамалық қоғамдастықпен кеңінен талқыланып өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 5 тікелей трансляция өткізілді.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің атап өтуінше, заң жобаларын дайындау барысында педагогикалық қызметті реттеудің халықаралық тәжірибесі ескерілді. Атап айтқанда бірқатар шет елдің заңдары, ЮНЕСКО-ның мұғалімдердің жағдайы туралы ұсыныстары қарастырылды.
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы 19-баптан тұрады. Ал қосымша заң жобасы 192-бапты қамтиды. Жалпы заң жобасы ауқымды 5 бағыттан тұрады. Атап айтқанда, материалдық және материалдық емес ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту.
«Материалдық емес ынталандыруға келер болсақ, олар мұғалімдердің жүктемесін төмендету, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі, мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы мемлекеттік наградасын беру, тағы басқа да материалдық емес ынталандырулар қарастырылған», — деді Аймағамбетов.
Ұстаздарға қандай қосымша ақы төленеді
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында ұстаздарға бірнеше қосымша ақы төлеу қарастырылған.
«Негізгі материалдық ынталандыруға келер болсақ, оның ішінде
сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін ақыны екі есе өсіру және педагогтерге педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған.
Сонымен қатар заң жобасында барлық педагогтер үшін демалыс уақытын 56 күнге дейін ұлғайту қарастырылды. Магистр дәрежесі үшін және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төлеу және тағы да басқа шаралар қарастырылып отыр. Ең бастысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 4 жылдың ішінде жалақыны 2 есе өсіру бойынша мәселе қарастырылды», — деді ол.
Министрдің айтуынша, жоғарыда аталған бірқатар нормаларды іске асыру аясында қосымша заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасымен үш кодекске, 15 заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі.
«Аталған заң нормалары мұғалімдерге келесідей мүмкіндік беретін болады:
сынып жетекшілігі үшін 173 мың мұғалімнің, ал дәптерлерді тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысы екі есеге көбейеді.
212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты үшін айлық жалақыдан 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік беріледі. 7 мың қызметкердің магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы алуына мүмкіндік жасалады. 18 мың қызметкердің тәлімгерлігі үшін 1 базалық лауазымдық мөлшерінде қосымша ақы алуына мүмкіндік беріледі деп күтілуде. Және де 100 мыңнан астам педагогтер қосымша 14 күн жазғы демалыс алып, енді 56 күн демалатын болады», — деді Асхат Аймағамбетов.
Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді
Педагог мәртебесі арттыру арқылы мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшеймек. Сондықтан заң жобасына сәйкес,
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады.
«Сонымен қатар қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады», — деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, мұнан бөлек қосымша заң жобасында жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша коммерциялық емес ұйымдарды енгізу, Президенттің құзіреттілігінен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке беру және басқа да шаралар көзделді.
Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға 120 АЕК айыппұл салынады
«Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда, мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салу заң жобасында қарастырылған», — деді министр.
Мұғалімдердің балаларына балабақша кезексіз беріледі
Жалпы заң жобасы материалдық және материалдық емес ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту талаптарынан тұрады.
«Материалдық емес ынталандыруға келер болсақ, олар мұғалімдердің жүктемесін төмендету, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі, мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы мемлекеттік наградасын беру, тағы басқа да материалдық емес ынталандырулар қарастырылған», — деді ол.
Министрдің айтуынша, мұғалімдердің кәсіби құқықтары кеңейтілді. Мәселен, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін қолдану, біліктілікті арттыру курстарын өздері таңдау құқықтары беріліп отыр.
«Сайлану және сайланбалы лауазымдарға орналасудың жаңа құқықтары да енгізілді. Бұл шаралардың барлығы мұғалімдердің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік жасайды деп сенеміз», — деді А.Аймағамбетов.

kaz.365info.kz
28 тамыз 2019 ж. 1 153 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930