Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саясатқа саналы түрде келдім — Нұрлан Әлімжан

Саясатқа саналы түрде келдім — Нұрлан Әлімжан

Жақында белгілі өнер иесі Нұрлан Әлімжановтың мәжіліс депутатына кандидаттығын ұсынғаны белгілі болды. Актер парламенттің төменгі палатасында шенеунік болудан үмітті көрінеді.
«Ия, әрине, бұл мен үшін жаңа белес. Мен әрқашан елге және қоғамға пайдалы болуға тырыстым. Маған мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Мені депутаттыққа ұсыну туралы шешім күтпеген жерден қабылданды деп айту қателік. 2017 жылы мен депутаттыққа үміткер болдым. Мен «Нұр Отан» партиясының құрамына 2009 жылдан бері бармын», — дейді актер.
Бұрыннан-ақ партия құрамында болған ол тағдырына алғыс айтты. Адам жаңа белесті бағындыру үшін үнемі дамып отыру керек деп қысқа қайырды ол. Өнер иесінің айтуынша депутат болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дегенмен, ол саясатқа саналы түрде келдім деп ағынан жарылды.
«Мен осы ауқымды жобаға қатысқаным үшін тағдырыма ризамын. Бұрындары меннен саясатқа барғыңыз келе ме деп жиі сұрайтын, дәл солай болды. Егер адам өзін-өзі жетілдіруді тоқтатпай, күн сайын дамып, алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойса, оларға қол жеткізеді. Мен саясатқа саналы түрде келдім деп нақты айта аламын. Қалай болғанда да, мені депутат етіп сайлау үлкен жауапкершілік жүктейді және мен Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге бар күшімді саламын», — дейді Нұрлан Әлімжанов.
29 тамыз 2019 ж. 1 539 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 151

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031