Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй – тұрмысты жақсартады

Тұрғын үй – тұрмысты жақсартады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың әл-ауқатын арттыратын, мемлекет экономикасының одан әрі өркендеуіне септігін тигізетін бірқатар маңызды мәселелер көтерді. Сонымен қатар жұртшылықтың негізгі қажеттіліктері мен кәсіпкерлік саласы, құрылыс, несиелендіруді жеңілдету сияқты бірқатар әлеуметтік бастамаларға назар аударды. Мен тәуелсіз елдің азаматы ретінде мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді қызу қолдаймын және оның жүзеге асуына белсене атсалысамын.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, биыл халық­ты әлеуметтік қамсыздандыруға 3,4 трлн теңге бөлінген. Бұл бүкіл республикалық бюджеттің 27 процентін құрайды. Сол арқылы мемлекет тарапынан ел тұрғын­дарына көрсетілетін 39 түрлі әлеуметтік көмек қаржыландырылады. Алдағы уақытта 5 миллионнан астам қазақстандықтың тұрмыс деңгейін жо­ғары­лату жоспарланған. Осындайда ел басшысының өзіне сенген жұртқа жасап отырған тиімді бағдарламасының арқасында жақын аралықта кедейшілік деңгейі айтарлықтай төмендеп, кемел келешекке сенімді сапарлатып бара жатқандай болатынымыз рас.

Сондай-ақ алқалы жиында биыл рес­публика бойынша 13 млн шаршы метр тұрғын үй салынатыны айтылды. Ағымдағы жылдың алты айында 50 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілген. Тұрғындарды жаңа үй-жаймен қамтамасыз етуде жетекші өңірлер қатарында Қызылорда облысы да бар. Бұл жергілікті басшылықтың еселі еңбегінің көрінісі. Сол арқылы қарапайым тұрғындардың тұрмысы жақсарады десек артық болмас. Себебі жайлы баспанасы бар адам қоғам дамуына қомақты үлесін қоса алады.

Бұдан бөлек, сәулетті тұрғын үйлердің салынуына бөлінген қаржы көлемі елдегі құрылыс саласының дамығандығынан хабар береді. Ертеректе зәулім ғимараттардың бой көтеруі жақсы қарқынмен жүрсе, қазіргі уақытта бұл саланың өнімділік көлемі бірнеше есеге ұлғайды. Олардың архитектуралық көптүрлілігі, көз тартар сұлулығы күннен күнге түрленіп келе жатыр.

Ел Перзиденті сонымен қатар өңір­лердің экономикалық еркіндігі, ауыл­шаруа­шылығы, инвестиция бо­йынша ал­да­ғы атқарылуы тиіс міндеттерді тал­қы­лады. Бұл салалар төңірегіндегі болымды бағдарламаларын, жасампаз жоспарын мәлімдеді. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін азаматтарға көзқарасын да жасырмады. Аталған жайттарға қаныққаннан кейін, елжанды Президенттің сарабдал саясаты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп тастайды дегенге сеніміміз мол.

Әділбек САРАБЕКОВ,
“Қазалы Строй-Сервис” ЖШС директоры,
аудандық мәслихат депутаты
30 шілде 2019 ж. 737 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930