Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңілге сенім ұялатты

Көңілге сенім ұялатты

Қазақстандағы жекелеген азаматтың жетістігі елдің мерейін үстем етіп, өндірістік табыстың артуына ықпалын тигізеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде маңызды 10 бағытқа баса мән беретінін жеткізген еді. Мемлекет басшының алғашқы қадамының өзінен-ақ болашақтың шұғылалы көкжиегі көрініс бергендей.

Қасым-Жомарт Тоқаев сол келелі кездесуде бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға атсалысатынын атап өтіп, өзінің жүйелі жоспарын ұсынды. Олардың қатарындағысыбайлас жем­қорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, рухани жаңғыру, сыртқы саясат, жастардың өзін-өзі тануына мүмкіндік жасау сияқты қадау-қадау идеялары көпшіліктің көңіліне сенім ұялатты.

«Ырыс, қайда барасың?» – дегенде: «Ынтымағы жарасқан елге барамын,» – деген сынды, елде әділетті қоғам орнатуда халықпен санаса жұмыс істеп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының жақсартуына ден қою дамудың алғышартына айналады.
Президент халықтың табысын арттыруда тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана шешуге болатынын алға тартты. Осы арқылы азаматтар өз елінде ұрпағын тәрбиелеп, жарасымды өмір сүруге тиіс екендігін атап өтті.

Елдегі келелі мәселелер – жұмыссыздар санының азаймай отырғандығы, айлық жалақының мардымсыз екені шындық. Бұл мәселеге байланысты шаралар қолдану жөнінде Президент жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту туралы ой қозғайтын бағыттарды ұсынды. Тиісті азаматтарға тұрғын үй мәселесіне сергек қарауды тапсырды.

Міне осындай болашаққа деген батыл бет­бұрысы, жүйелі жоспары бар мемлекеттік жүйе еңбекші қауымның да өз міндетін еселеп, жауап­кершілігін одан әрі сезіне түсуіне сеп болып отыр. Қазақстанның болашағына көшелі көзқараспен қараған ел басшысының ұстанған бағытына Қазалы локомотив жөндеу зауыты да іспен жауап беруге күш салады.
Нұрлан ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
Қазалы локомотив жөндеу зауытының
директоры, Құрметті теміржолшы
29 шілде 2019 ж. 1 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930