Ел алдындағы еңселі міндет
Ел Президентін ұлықтауға арналған шараға облыс делегациясы құрамында қатысуым менің өмірімдегі ең бір ұмытылмас сәттердің бірі болатыны анық.
Өткен сайлауда халықтың басым бөлігі Тұңғыш Президенттің елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларын жалғастырушы тұлға ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдады.
Ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстарды саралап өтті. Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттер айқындалатынын жеткізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес жүргізіп, сот және құқық саласын реформалау бағытында жүргізілетін жұмыстар жайлы айтты. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті халық сеніміне ие болу екенін атап өтті.
Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамытуға айрықша мән берілетіні жайлы Президент сөзін жұрт ықыласпен қабылдады.
«Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Сонымен қатар, сыртқы саясат пен жастарды қолдаудың жаңа идеялары жайлы естідік.
Ел болашағын баянды ететін бұл бастамаларды жүзеге асыруға күллі ел атсалысады деп сенемін.
Аманбай ЕРХАТОВ,
«Қызылорда балық СПК» ЖШС директоры