Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста жарылыс кезінде далада босанған келіншек оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Арыста жарылыс кезінде далада босанған келіншек оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Жарылыста 40 шақырым жаяу қашқан: келіншек перзентханадан шығып көк түтінде адасып басқа ауылға кетіп қалған

Арыста жарылыс кезінде далада босанған келіншек оқиғаның қалай болғанын баяндап берді
Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қарамастан мұғалімдер 22 жастағы келіншекті далада қалдырмай, көліктеріне мінгізіп жақын маңдағы ауылға жеткізген.

Арыстағы жарылыс кезінде 40 шақырым жерді жаяу жүруге мәжбүр болған жүкті келіншек басынан өткен жағдайды баяндап берді, деп жазды KYN.KZ сайты Еуразия арнасына сілтеме жасай отырып.

24-маусым Кенжегүлдің есінде мәңгіге қалатыны сөзсіз. Ай-күні жақындап, толғағы қысқан жас келіншек енесімен бірге Арыс қаласының перзентханасына келген. Дәрігерлер оны қабылдап, ем-домын жасамақ болған.

Алайда, кенет қала көк түтінге айналып, іште жүрген адамдардың барлығы жан-жаққа қашқан. Үрейі ұшқан Кенжегүл кімге, қайда барарын білмей сыртқа қарай жүгіріп шыққанын айтады.

“Шыққанымыз сол еді жер сілкінісі басталды. Сыртта ешқандай көлік жоқ. Реанимациядағы жаңадан босанған келіншектерді алып шығып жатты. Әскери адамдар сыртқа қарай қашыңдар деп айтты. Анам, мен акушеркам үшеміз адамдар кетіп бара жатқан жерге қарай жүріп кеттік”,- дейді жас ана Кенжегүл Бекасыл.

Осылайша әбден шарасыз күйге түскен келіншек аяқтары қансыраса да 40 шақырым жерде орналасқан ауылға дейін жаяу барады. Әбден жаны қысылған Кенжегүлді жол-жөнекей көлікпен өтіп бара жатқан білім және ғылым министрлігінің мамандары кезігіп аман қалады.

“Жан-жақ түтін, өрт біз жолды білмедік. Адасып Ақтас деген жерге келдік. Сол ауылдағы Ақтастағы үй иесі Гүлмираға шексіз алғысымды білдерімн. Үйіне кіргізіп, акушеркам, Балбөпеге рахметімді айтамын. Сол екі кісі мені босандырып алды”,- дейді жас ана Кенжегүл Бекасыл.

Қазір Кенжегүлдің де қызының да жағдайы бір қалыпты. 4 келі 200 грам болып туылған нәрсетеге Кәмиллә деген есім берген. Жас ананың айтуынша, қызының өмірге аман-есен келуіне мұрындық болған көлік жүргізушісінің анасының есімін әдейі ырымдап қойыпты

“Келген кезде жағдайы өте ауыр. Стрессте, қорыққан. Сондай жылайды, еш жерін көрсеткісі келмейді. Үйде туғаннан кейін, жынысы жолдарын көріп, соны осмотр жасадық. Өзіне келтіріп барып, өзіне көмек көрсеттік. Қабылдап алдық. Өзіне келіп қалды”.,- дейді Қазығұрт аудандық перзентханасының бөлім меңгерушісі Ақболған Шайжанова.

Ал Арыстағы келіншекке дер кезінде көмек беріп, жанынан табылған білім және ғылым министрлігінің мамандары осы. Балбөпе Өтенова, Жанат Нұржұманова, Шайза Доскеева. Олар Түркістан облысына арнайы Ұлттық біріңғай тестілеуді бақылау үшін жіберілген екен. Айтуыларынша, жарылыс басталғанда олардың зәре-құты қашқаны сонша, жақындарына хабарласып, қоштасып үлгеріпті. Ал жүкті келіншекті көргенде, оны тастап кете алмаған.

«Келіншекке көмек көрсетіп, саспай, адамгершілік көрсетіп, нәрестенің дүниеге келуіне себепкер болып, кіндік шеше атанып отыр. Сіздерге жалпы білім және ғылым министрлігінің атынан алғыс айтқым келеді. Бұл шын мәнінде үлкен ерлік»,- дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетова.

Осылайша ерлік жасаған үш ұстаз арнайы құрмет грамотасымен марапаталды. Ал көрер жарығы бар Кәмиллә анасымен бірге бүгін перзентханадан шығарылды.
kyn.kz
27 маусым 2019 ж. 1 270 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031