Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі танымал асабалардың гонорары қанша?

Еліміздегі танымал асабалардың гонорары қанша?

Отандық жұлдыздар арасында той жүргізіп, асаба қызметін атқарып жүргендері аз емес. Олардың гонорары да жүргізу ерекшелігіне, өнер иесінің танымалдылығына байланысты қымбаттай бермек. Осы орайда еліміздегі ең қымбат асаба жұлдыздарды"31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұсынады.


Нұрлан Еспанов - 1 млн теңге
Бағдарламаның мәліметінше, әншінің гонорары бір миллион теңге.
Алайда Еспановтың өзі нақты бағасы жоқ екенін айтады.

"Гонорар демекші, бізде нақты баға жоқ. Оны айтуға ұялып та тұрм. Жалпы біз орысша, қазақша басқарамыз ғой. Сол үшін жақсы төлейді. Орысша-қазақша сөйлеуден бөлек, мәдениетті ойындарым бар. Ән айтамын, әзілім бар. Тойды бір кісідей алып шығамын. Оның үстіне орысша-қазақша сөйлеп, бірдей алып жүрген асабалар көп емес қой", - деді Нұрлан Еспанов.

Нұржан Төлендиев - 4 мың АҚШ доллары (1 млн 500 мың)

Ал "Тука" есімімен танылған "Алдараспан" театрының директоры бір тойға шығу үшін төрт мың АҚШ долларын сұрайды екен.

Әнші өзге қалаларға көмекшісімен бірге барады. Ал әуе билеттері мен қонақ үй шығыны актердің гонорарынан бөлек төленеді.

Азамат Сатыбалды - 5 мың АҚШ доллары (1 млн 900 мың теңге)
Актердің қаламақысы бес мың АҚШ доллары немесе бір миллион 900 мың теңге.

Тұрсынбек Қабатов - 15 мың АҚШ доллары (5 млн 767 мың теңге)
Ал Тұрсынбек Қабатовтың той басқару үшін алатын гонорары 5 миллион теңгеден асады. Әзілкештің қаламақысы бірнеше жылдан бері өзгеріссіз қалған.






05 маусым 2019 ж. 1 512 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930