Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағасы 300 мың теңге: Елімізде бірнеше күнде ақшаға диплом жасап беретіндер көбейген

Бағасы 300 мың теңге: Елімізде бірнеше күнде ақшаға диплом жасап беретіндер көбейген

Маман болу үшін жылдарды сарп етіп, жоғары оқу орындарының қабырғасын тоздырудың қажеті жоқ! Себебі, дипломды оп-оңай бірнеше күн ішінде жасатып алуға болады. Елімізде осылайша, құнды құжатты бірнеше күнде әзірлеп беретін делдалдар көбейген.

Сонда дипломның бағасы қанша? Бұл заңсыз әрекетке неге елімізде шектеу жоқ, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Кез-келген жоғары оқу орнының дипломын жасаймыз. Сізге немесе таныстарыңызға қажет пе? Әлеуметтік желідегі парақшама осындай хабарлама келді. Бірден көрсетілген нөмірге хабарластық.

- Алло, саламатсыз ба?

- Саламатсыз!

- Мен сізге диплом туралы хабарласып тұр едім.

- Иә, тыңдап тұрмын.

- Кез келген университеттікін жасай аласыздар ма?

- Иә, кез-келген университеттікін жасай аламыз. Басқа колледждердікі де университеттердікі де.

- Бағасы қанша?

- Бағасы универдікі 300 мың, колледждікі 200 мың. Кездесіп сөйлесуге бола ма? Мен бас қаладанмын.

- Жоқ керегі жоқ, кездесіп сөйлесетін әңгіме емес. Вацаптан сөйлесейік. Мен вацапта тікелей жазам. Сіз маған жазыңыз хорошо?

- Сіз бас қаладан емессіз бе?

- Жо-жоқ, мен Алматыдан.

Шынымен, димпломды сатып алуға бола ма? Жұрттан сұрап көрдік.

Заңсыз нәрсе қай кезде де өзінің заңсыз екенін дұрыс емес екенін дәлелдеп шығады.

Көптеген университетте дипломды сатып алып жатыр. Мен оған жаман көзқараспен қараймын.

Жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендер бар. Кезігеді. Жалпы диплом саудасы деген бар. Интернетте байқап қаламыз. Диплом сатамыз деген инстаграмда да парақшалар бар.

Ал, депуттаттар жалған дипломы барларды тез арада анықтап, жұмысқа алмау қажеттігін айтады. Ал, құжатты заңсыз жасайтындарды тауып, құзырлы орган өкілдеріне тапсыру қажет дейді. Тіпті, жалған құжат жасатқандарды қара тізімге енгізу шарт дейді.

«Ол өте қате. Және бұл шынында да қылмыс деп есептеймін. Ешбір диплом сатылуы, сатуға болмайды. Сатып алған дипломдарды вообще оны байқап, анықтап, зерттеп егерде сондай жағдайлар болып жатқан жағдайда онда түбінен онда дипломнан айыру керек сол кісіні. Және оны қара списокке қосу керек», - деді ҚР парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Ал, еліміздің бас мұғалімі Күләш Шәмшидинова бұндай дәлелдер болса, жауапқа тарту керек. Сондықтан, "факттер болса олармен өзіміз айналысуға дайынбыз" дейді.

«Бұндай факті бұл құқық қорғау органдарына беруіміз керек. Және бұны жоюымыз керек. Бұл мәселеде егер де дәл сондай факті сіздің қолыңызда бар болса беріңіздер. Біз оны қараймыз», - деді Блім және ғылым министрі Күләш Шәмшединова.

Заңгерлер болса жалған диплом жасау қылмысқа жатады.Сондықтан, жалған диплом жасағаны үшін қылмысының көлеміне қарай түрмеге қамалады"- дейді.

"ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес бұндай жалған құжаттарды дайындау заңмен жазаланады және 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылу туралы жаза белгілен" ал егер топ болып айналысса жасаған қылмыстары үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылу жазалары көзделген", - дейді заңгер Жасұлан Нұрмаханбетов.

Көлеңкелі бизнестің тоқтамай тұрғаны қынжылтады, әрине. Алайда, жалған құжатты жасаушы ғана емес, жасатушының да заңмен жазаланатынын есте ұстаған жөн.
05 сәуір 2019 ж. 3 009 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930