Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Имам елімізде ақша үшін жоқтау айтып жүргендерге сын айтты

Имам елімізде ақша үшін жоқтау айтып жүргендерге сын айтты

Елімізде марқұмды жоқтауға тапсырыс беретіндер де, тапсырыс алатындар да көбейіп барады. Олар марқұмның жақсы жағын айтып жоқтағанда жақын танысы ма дерсіз, деп хабарлайды Евразия арнасы.
“Маған Ақтөбе, Петропавл, Павлодар өңірінен тапсырыс көп түседі. Кейде барып қайтам. Кейде бас тартсам, ренжіп жатады. Ондай кезде қарияларға жөн сілтеймін. Жоқтау айтқанға қарсы болу дұрыс емес деп есептеймін. Мәселе ақшада емес”, – дейді тапсырыспен жоқтау айтушы.
Ақша үшін жоқтау жөнінде шариғат не дейді?
“Көздер жас ағызады, жүректер қайғырады, бірақ адам Аллаға разы болатын сөздер айтылады. Ал ақшаға жоқтау айтуға дінімізде тыйым салынған”, – дейді “Әзірет сұлтан” мешіті шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.
Жоқтаушылардың ақысы 20 мыңнан басталады. Марқұмның атақ-абыройына байланысты қызметінің бағасы арта береді.
Ал филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов бұл кәсіпті жөн санайды.
“Жоқтау қазақ халқында бар дәстүр. Қаралы үйдің жоқтау айтатын адамы болмаса, арнайы жоқтаушы, термеші жалдап айтқызу дұрыс. Ол жоғалып бара жатқан салтымыздың қайта жаңғыруы деген сөз”, – дейді ол.
04 шілде 2018 ж. 3 591 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 145

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 162

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031