Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақты құртып жүрген "таксовка" мен "охрана"

Қазақты құртып жүрген "таксовка" мен "охрана"

Қазақты құртып жүрген "таксовка" мен "охрана". Осы жайлы өз ойымды көптен бері жазғым келіп жүр. Қазақ жұмыстан қысқарып, болмаса істеп жүрген мекемесі жабылып қалып жұмыссыз қалса күн көру үшін басына келетін бірінші ой "таксовать ету". Егер көлігі болса, немесе көлік ала алатын көз тапса. Болмаса охранаға кіру.

Екеуі де онша жанды қинамайтын кәсіп. Әсіресе миды қозғамайтын. Ми деген адамның ең бағалы ағзасы ғой. Әрине оны жақсылап "сақтау керек".

Екеуінен де байып кетпек тұрмақ жағдайын жасап алған қазақты көрмедім. Әйтеуір өлместің күні. Күндік шайы, темекісі және бензині шығып тұрса болды. Осыған үйреніп алады. Ары қарай ештеңені ойламайды.

Менің ойымша, мұндай келешегі жоқ жылдам, ұсақ табысқа жүгіргенше аздап отырып ойланып, келешегі бар бірдеңе ойлап табу қажет. Тауар түрі ме, қызмет түрі ме.

Әлемде күніне нешеме жаңа тауарлар, қызметтер ойлап табылып жатыр немесе бар нәрсені одан әрі жетілдіріп, құндылығын арттырып нарыққа шығарып жатыр. Солардың барлығын тек ғалымдар ғана жасап жатқан жоқ, көпшілігі өзіміз сияқты қарапайым адамдар. Олардың жасағандары да күнделікті өздері пайдаланып жүрген заттарын одан әрі жақсартсам, жетілдірсем, дамытсам, жұмысымды жеңілдетсем деген ой-арманнан туындаған.

Қазіргі заман - мүмкіндіктер заманы, тегін білім заманы. Интернеттен жырпылдақ анекдот оқығанша небір кәсіптерге, мамандықтарға үйрететін оқулықтар, курстар, сайттар, мақалалар оқуға болады. YouTube-тан сериалдар, приколдар көре бергенше керемет видеокурстар көріп үйренуге болады.

Тіпті, сол ютубтың өзін табыс көзіне айналдыруға болады. Сіздер мағынасыз видеоларын көріп, уақыттарыңызды өткізіп жүргенде сол мағынасыз видеоның авторы сіздің арқаңызда пайда тауып отыр.

P.S. тіпті студент балаларына соңғы малдарын сатып немесе қарызданып жүріп көлік алып береді. Сондағы ойы таксовать етіп күнін көрсін дегені. Студент түнімен таксилетіп, ертеңінде сабақ миына кіріп шықпайды. Осылай білімнің басына су құйылады.
27 наурыз 2019 ж. 1 515 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930