Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең пайдалы бизнес

Ең пайдалы бизнес

Нарық елімізді үлкен базарға айналдырып жібергендей. Қайда қарасаң, дүңіршектер мен сауда үйлері, жабық базарлар. Бизнестің ең сенімді пайдалы түрі – сауда деген пікір қалыптасты бүгінде. Ақшасы барлар сауда үйлерін салатын болды. Содан бұл сала бәсекелестіктің ең тұнып тұрған саласына айналды. Саудасы жүрмей, шығынға батып жататындар көп. Осы орайда, халық сұранысына ие пайдалы сала бар ма, ақшамызды неге соған салмаймыз деп ойлайтындар онша көп болмай тұр.
Алыпсатарлық көп ақылды қажет етпейді
Арзанға сатып алып, қымбатқа саут үлкен ақылды, білімді қажет етпейді. Содан болар, адамдар сауданы баюдың ең оңай жолы деп санайды. Бұл саланың бүгінде мелдектей толып, бәсекелестік шектен тыс жоғарылап кеткенін кәсіптерін ашып, бизнестерін енді бастап жататындар онша ескере бермейтіндей.
Өткен жылы мен тұрғын үйдің жанындағы бос жерге біреу контейнер қойып, сауда дүкенін ашты. Оның дәл жанында үйдің төменгі қабатындағы пәтерді дүкенге айналдырған азық-түлік дүкені бар болатын. Ол тәулік бойы үзбей жұмыс істейді. Бірақ жаңа дүкен иесі оған қарамастан, саудасын жүргізе берді. Дегенмен, жұрт үйреніп қалған байырғы дүкеннен алып, жаңа дүкенге келушілер онша көп болмады. Содан күз шыға әлгі кәсіпкер дүкенін жабуға мәжбүр болды.
Біздің үйден кейінгі келесі үйдің бірінші қабатынан ашылған тағы бір азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұрған еді. Бәсекеге шыдамай кәсіпкер дүкенінің жартсын сатуға шығарды. Ал жұмыс істеп жүрген мекеменің жанынан ашылған асхана екі айдан кейін жабылып қалды. Бұның бәрі бәсекелестік жайын дұрыс бағдарламаудан туған іс екені анық. Жұрттың бәрі осы іспен айналысып пайда тауып жатыр, мен де сонымен айналысайын деген – бұл нарық заңына қайшы келеді. Өйткені, ондай жерде әдетте бәсеке өте жоғары болады да, бұрыннан сол салада қалыптасып, жұмыс істеп келе жатқандармен жаңадан ашылғандар бәсекеге түсе алмай, жеңіліс тауып жатады.
Қызмет көрсетудің келешегі зор
Көкшетаудың тұрғындары краннан аққан суды ішуге пайдаланбайды. Өйткені, су келетін құбырлар ескіріп, тозғандықтан, судың құрамында ауыр металдар көп болады. Сондықтан, денсаулығын ойлайтын қала тұрғындары суды қала маңындағы бұлақтан тасып ішеді немесе дүкеннен сатып алып ішеді. Мен суды дүкеннен алып ішетінмін. Ол қымбат және күнара бес литрлік баклашкамен су тасуға мәжбүр боласың.
Содан бірнеше ай бұрын таза сумен қамтамасыз ететін мекеменің қызметіне жүгіндім. Олар 20 литрлік үлкен бутильмен суды үйіңе жеткізіп береді. Бағасы – 500 теңге. Бұл су шәйға, тамаққа бір аптаға жетеді. Онша қымбат емес. Міне, содан бастап әлгі мекеменің қызметін пайдаланатын болдым. Ал бұл мекеменің қызметін қалада пайдаланатын жеке тұрғындар да, мекемелер де өте көп.
Өзім тұраны үйдің подьездін тұрғындар кезектесіп оқта-текте бір тазартып қоятын. Жасыратыны жоқ, подьезд көбіне лас, жуылмай, сыпырылмай, қоқыстар шашылып жататын. Таяуда бір орыс келіншек пәтерлерді аралай жүріп адамдармен ауызекі жеке шарт жасасып, айына 350 теңгеден алып, апта сайын подьезді тазартып отыратын болды.
Міне, осыдан кейін подьезд көз қуантып тап-таза болып шыға келді. Айына бір рет келіп әлгі келіншек ақшасын жинап әкетеді. 350 теңге онша көп ақша емес. Ал енді біздің подьезде 15 пәтер бар. Үйде осындай 6 подььезд бар. Енді 350 теңгеден есептеп көріңіз. Бір айда біздің үйден ғана ол 31500 теңге табады екен. Бір үйді ол әрі кеткенде бір күнде тазартады. Егер осында 5 үй алса, аптасына 5 күн жұмыс істеп, 150 мыңнан астам табыс табады екен. Жоғары білімді мұғалімдер мен дәрігерлердің табысы бұған жетпейді.
Қызметке деген сұраныс уақыт өткен сайын артпаса, кемімейтіні анық. Сіз өз мамандығыңызға сай және қолыңыздан келетін шаруаны жасау арқылы қызмет көрсетсеңіз, жақсы табыс табуға мүмкіндік ашылатыны сөзсіз. Яғни, ең болашағы бар кәсіпкерлік – бұл қызмет көрсету.
11 наурыз 2018 ж. 1 413 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930