Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды

Бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды

ШҚО-да «Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының бұрынғы директоры 67 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды.
Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Аltaynews.
«Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының заңгері, директоры мен орынбасары ауыл тұрғындарына берілетін несие ақшасын өз мақсатына пайдаланған. 5 адамнан тұратын қылмыстық топ жалған несие құжатын жасаған. Жалған құжатта Үржар, Көкпекті, Бороудлиха аудандарының және Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарына несие берілетіні көрсетілген.
Қаражат несие алушылардың атына аударылып, кейін тұрғындар ақшаның бір бөлігін қор филиалының басшысына аударған. Осылайша тұрғындарға 24 млн 300 мың теңге шығын келген. Ал, жымқырылған жалпы сома 67 млн теңге. Филиал басшысы лауазымдық өкілдігін асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
11 қазан 2018 ж. 1 470 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 26

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930