Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда "көлік қаққан" баланы әкесі таспен ұрған болып шықты

Алматыда "көлік қаққан" баланы әкесі таспен ұрған болып шықты

Қатыгез әке де, тергеушілерді шатастырған куәгер келіншек те сот алдында жауап бермек.
Алматыда Шығыс айналма жолының бойында шала-жансар күйде кілемге ораулы жатқан жерінен табылған баланы көлік қақпаған! Туған әкесі соңынан еріп шыққан ұлын өзі таспен басынан ұрыпты, деп хабарлады КТК.
Мұрат Асқароглы сол сәтте мас болғандықтан, аяғына оратылған баласы мазасын алғанын айтуда. Адам жоқ қуыста өз ұлын ұрып жығып, сасқанынан автобусқа отырып кетіп қалған. Ал 4 жасар Мұхаммед қара түсті көлік қақты деген келіншек те тергеушілерге өтірік ақпарат бергенін мойындады.
Жоқ жүргізушіні осы уақытқа дейін іздеп таппаған полиция бар отбасынан сезіктене бастапты. Ақыры бейне жазбаларды қайта қарап, онда әкесі баласын жетектеп, бара жатқан кадрларды байқаған. Сөйтіп сәби табылған жердегі шөпті шауып, қылмыс құралы – қанға боялған тасты да тауыпты. Дәрігерлер де бүлдіршіннің жарақаттары да жол апатынан болмаған деген тоқтамға келіпті. Қазір әкесі жыларман боп бүкіл елден кешірім сұрап отыр. Бірақ қатыгез әке де, тергеушілерді шатастырған куәгер келіншек те сот алдында жауап бермек.
05 тамыз 2018 ж. 1 093 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930