Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел жәрдем жүргізушісінің өмірін түбегейлі өзгерткен оқиға

Жедел жәрдем жүргізушісінің өмірін түбегейлі өзгерткен оқиға

Бұл адам баласына сабақ болар бір оқиға. Оның кейіпкері жедел жәрдем жүргізушісі. Ол сөзі де, іс-әрекеті де дөрекі кісі болатын. Мұсылманшылық жайлы естігісі келмейтін. Ондай сөзге құлақ та аспайтын. Имандылық жайлы ұмытқалы қашан.
Жүрегінің мұншама қатайғанының бірден бір себебі жұмыс бабы болса керек. Өйткені, ол өлім мен қанды көп көретін. Әр кезекке түскен сайын жолда ажал құшқан адамдардың жансыз денесін көліктен шығаратын.
Күнде жол апатын көргеннен болар өлімге қалыпты жағдай ретінде қарайтын. Өйткені, дәрігерлермен бірге денесінен аяқ-қолы тіпті басы ажыраған мәйітке көзі де, жүрегі де шіміркпейтін жағдайға жетті. Жүргізуші басынан өткен оқиғасын былай деп әңгімелейді:
«Мұндай көріністерге бойым үйренгені соншалықты, жүрегім титтей болса да шымырламайтын. Бұған қоса, мешітке барып көргенім жоқ, өйткені бейнамазбын. Әдеттегідей түнгі кезекшілікті қабылдап алдым. Сағат бірге таяп қалған. Кенет қоңырау түсті. Қаланың ішінде жол апаты орын алыпты. Қала ішінде анау дейтіндей көлік қозғалысы жоқ. Ә дегенде айтылған көше қиылысына жетіп келдік. Көлік жол бойындағы шамға соғысқан боп шықты. Ақ көліктің үстіне өзі ұрған тас бағана құлаған екен. Дәрі-дәрмек салынған қобдишасын дәрігер алып келем дегенше мен жылдамдатып барып көліктің есігін екі қолмен бар күшіммен тартқылап аштым. Аузымда темекі. Бүктеліп қалған көлік ішінде отыздар шамасындағы жүзі нұрлы жігіттің денесін темір құрсау езіп жіберген екен. Бірақ есінен танып қалмаған. Маған қарап: «Көмек бермекшісің ба?» — деді. Мен сасқалақтап: «Иә», — дедім. Ол: «Онда бірінші темекіңді таста», — деді. Сосын: «Сенің жақсылығыңа жақсылықпен қайтарайын, Құдайға құлшылық ет, әке-шешеңе жақсылық жаса, жаман адамға жолама», — деді де, тілін кәлимаға келтіріп сол жерде жан тапсырды. Дәрігер келем дегенше өң мен түс арасындағыдай қас қағым сәтте осындай жағдайға тап болдым.
Есімді жияр-жимас марқұмды көлікке салып ауруханаға жеткіздік. Осымен менің міндетім бітті. Сағат үштен өтіп жатыр екен. Ұйқым қашып кеткен. Көз алдымда әлгі жігіттің бейнесі, құлағымнан сөзі кетер емес. Сол арада мешіттен азан даусы естілді. Белгісіз бір күш мені мешітке қарай жетелей бастады. Бар білгенімше дәретімді алып мешіт босағасынан кірдім. Жұртпен бірге намаз оқыдым. Адамдардың істегенін іле-шала қайталадым. Біршама көңілім жайына түскендей болды.
Дұға жасап жұрт тарай бастаған кезде болған жағдайды имамға айтып, өз ойыммен бөлістім. Әңгімемді мұқият тыңдап болған соң, имам: «Әлхамдулилла, Алла саған сөзімен де, амалымен де имандылыққа шақыратын адамды жіберген екен», — деді. Құдайдың құдіреті, ажал аузында жатып маған имандылық жайлы екі ауыз сөз айтып, менің өмірімді бүтіндей өзгертіп жіберді. Сол марқұм иман жүзді бейтаныс жанның өмірімде ең маңызды адам болғаны анық еді».
18 шілде 2018 ж. 2 658 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930